Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысын ашық өткізу мүмкін бе?

Аиса Махамбет Редактор
11.10.2024, 17:04
1250
Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысын ашық өткізу мүмкін бе? бейнежазбадан алынған кадр

Заңгер сот отырысы ашық өте ме деген сұраққа жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, биылғы жылдың екінші жартысындағы статистикаға жүгінсек, елде барлығы 64 816 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 1314 аса ауыр қылмыс, 16 999 ауыр қылмыс, 323 қылмыс кісі өлімімен аяқталған.

Соңғы күндері қоғам назарын ерекше аударған Алматы облысына қарасты Талғар қаласындағы 16 жасар Шерзат Болаттың қайғылы қазасы. Куәгерлердің айтуынша, марқұмды ет жақындарының көзінше аяусыз сабап, пышақтап кеткен. Жасөспірімнің қазасына дейін жеткен қылмыстың басы бір бөтелке ішімдіктен басталған. Сонда "біздің қоғамда адам құны осынша төмендеп кеткені ме?" деген ой келеді.

Жасөспірімдер арасындағы қатыгездік пен қылмыс неше өршіп кетті?  Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиғаға қатысты ашық сот процесін өткізу мүмкін бе? Қылмыскерлерді қандай жаза күтіп тұр?  Бұл туралы заңгерден сұрап көрдік.

16 жасар Шерзат Болаттың өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Оқиға 4 қазан күні Талғарда болған. Шерзат өз отбасына тиесілі дүкенде болған жанжал кезінде ауыр жарақат алып, қаза тапты. Күдіктілер — жеті адам, олардың барлығы ұсталып, тергеу барысында екі айға қамауға алынды. Дерек бойынша, күдіктілер арасындағы қақтығыс барысында суық қару қолданылған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, және прокуратура бұл істі өз бақылауына алғанын мәлімдеді. Бұл қылмыс кісі өлтіру санатына жатады, ал айыпталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл бап бойынша ең ауыр жаза — 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру, – деді заңгер Азамат Бекқұлов.

Оның айтуынша, Шерзаттың әкесі талап еткендей соттың ашық өтуі әбден мүмкін. Ал негізі жеті күдіктіден бөлек қылмысқа қатысы бар екі қыз бен өзге де адамдардың кінәсі дәлелденсе, олардың да жаза арқалауы заңды. Сондай-ақ заңгер топтық қылмыстар үшін жаза қылмыстың ауырлығына және әрбір қатысушының рөліне байланысты тағайындалатынын,  басшылар мен ұйымдастырушылар көбіне қатаңырақ жаза алатынын да айтты.

Қазақстанда қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады, бірақ кейбір кісі өлтіру немесе зорлау фактісі тіркелгенде жауапкершілік 14 жастан бастап тағайындалуы мүмкін. Біздің елдегі ең ауыр жаза — өмір бойына бас бостандығынан айыру. Ал ең жеңіл жаза — айыппұл. Бұл жазалар көбіне қылмыстың ауырлығына байланысты тағайындалады. Осы тұста қылмысты азайту үшін заң талабын қатайту керек пе деген сұрақ туады. Бірақ пікір екіге бөлінеді. Кейбіреулер заңды қатаңдату қылмыскерлерді қорқытып, қылмыс деңгейін төмендетеді деп санайды. Ал басқалары қылмысты азайтудың ең тиімді жолы — алдын алу шараларын күшейту, құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарту және қайта тәрбиелеу жүйесін жетілдіру керек деп есептейді, – дейді заңгер Азамат Бекқұлов.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды