5689

Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады

6 шілде – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Астананың туған күні.

Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен арнайы құттықтады.

Мемлекет басшысы жолдаған хатында Елбасының қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаудағы тарихи рөлін ерекше атап өтті. Сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Назарбаевтың үлесі зор екені айтылды.

Президент Астананы көшіру туралы шешім ел экономикасын нығайтып, Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға жол ашқанын да атап өтті.

Құттықтау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен амандық тіледі.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 6 шілдеде дүниеге келген. Бұл күн — елорда күні ретінде де атап өтіледі. Биыл Астананың 27 жылдығы тойланады.

Материал авторы