Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды

05.07.2025, 17:15
7208
Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды AFP 2024 / ADEM ALTAN

Түркияда оппозицияға қарсы қысым күшейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Анталья, Адана және Адыяман қалаларының әкімдеріне қарсы тергеу жұмыстары аясында Түркияның оппозициялық Республикалық халық партиясының (РХП) өкілдері қамауға алынды.

Сенбі күні таңертең Адана қаласының мэрі Зейдан Каралар мен Адыяман мэрі Абдуррахман Тутдере ұсталды.

"Мені Анкарадағы үйімнен ұстап, Ыстамбұлға алып кетіп барады", – деп жазды Тутдере өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Осыдан кейін РХП төрағасының орынбасары Бурханеттин Булут Анталья мэрі Мухиттин Бөчек те ұсталғанын мәлімдеді.

"Сот жүйесін саяси кек алу құралына айналдырғандар заңды емес, өз билігін сақтап қалуды ойлайды. Біз халықтың еркіне қарсы бағытталған бұл былыққан жүйеге ешқашан бағынбаймыз", – деп жазды Булут.

Ұсталған шенеуніктерге муниципалитеттердегі алаяқтық істері бойынша қозғалған тергеу шеңберінде айып тағылып отыр. Тергеуді Түркияның Бас прокуратурасы жүргізуде.

Ұсталғандар қатарында тек мэрлер ғана емес, жалпы 10 адамға қамауға алу жөнінде ордер берілген.

Биыл наурызда 2028 жылғы президенттік сайлауда Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы ретінде қарастырылып жүрген Стамбул мэрі Экрем Имамоғлу да ұсталған. Осыдан кейін ел көлемінде жаппай наразылықтар басталған болатын.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды