Қорғаныс қамы: Төңіректің тынысы және Астананың жойғыш ұшақтар жаттығуы

25.11.2024, 16:16
617
Қорғаныс қамы: Төңіректің тынысы және Астананың жойғыш ұшақтар жаттығуы AP Photo / Jeon Heon-Kyun

Елімізде Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығулары өтіп жатыр.

Аспанды әрлі-берлі жойғыш ұшақтар тілгілеп өтетіні, көкжиекте түрлі-түсті түтіндер пайда болатыны, бірақ тұрғындардың оған алаңдамау керектігі алдын ала хабарланды. Екі күндік оқу-жаттығу ұшулары Астана маңында өткізілуде.

Қорғаныс министрлігі тарапынан авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайтыны айтылды.

Хабарламада: «Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ», – делінген.

Қорғаныс министрлігі мұны жоспарлы оқу-жаттығу деді. Бірақ жаттығуРесейдің Украинадағы соғысының шоғы қатты қызып тұрған шағымен тұспа-тұс келіп отыр.

Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығулары өткізілерден бір күн бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырған еді. Мемлекет басшысы премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Яғни әскерді күшейтіп, қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау екені айтылды.

Ал бұдан төрт-бес күн бұрын Қазақстанның Украинадағы елшілігі онда жүрген қазақстандықтарға тез кетуге кеңес берген еді.

Елшіліктің ескертуінде: «Қазақстанның Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерден немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады», – делінген.

Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елеп, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады. Украинадан Қазақстанға жету үшін қазақстандықтар Польша немесе Молдовадан ұша алады.

Украинадағы соғыс қалай ушықты? АҚШ-тың алдағы 20 қаңтарға дейін өкілдігі сақталатын, бірақ кетіп бара жатқан президенті Джо БайденАмериканың ракеталарымен Ресей әскери инфрақұрылымдарын атқылауға рұқсат берді деген сөз шыққан. Бұған дүниежүзі, соның ішінде Ресей де, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп та алаңдап қалған. Бірақ нәтижесінде ауыз толтырып айтарлықтай атқылау болмады. Шекараға жақын Брянск облысындағы Солтүстік Кореядан жеткізілген бомбалар мен оқ-дәрілер қоймасы мен командалық пункттерді алты ракетамен атқылаумен шектелді. Демек Байденнің пәрмені соғыстың беталысын өзгертті деуге келмейді. Мұны сарапшылар Америкалық ATACMS ракеталарының Украинада тым шектеулі данасы ғана барымен түсіндіріп жатыр. Бірақ «Байден рұқсат берді» дегеннің өзін сарапшылар сан-саққа жүгіртіп, үшінші дүниежүзілік соғыс басалды деп дабыра көтеріп жатыр. Оған негіздеме ретінде Ресей Ираннан, Солтүстік Кореядан және Қытайдан әскери көмек, тіпті Солтүстік Кореядан тірі әскер алғанын, соның қарымтасы ретінде енді АҚШ өз қарумен Ресей аумағын атқылауға рұқсат еткенін алға тартады. Ал мұның үшінші дүниежүзілік соғыс басталды деп тұжырымдауға қаншалықты жарамды негіз боларын кім білсін. Дегенмен үшінші дүниежүзілік соғыс 2024 жылы басталды дегенді айтып отырғандардың бірі Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі генерал Валерий Залужный. Бұлай айту оған Батыстың Украинаға көмегін ұлғайту үшін де керек болар.

Үшінші дүниежүзілік соғыс басталды деуге Ресей әскерилері аты бірінші рет аталған «Орешник» деген ракетамен Украинаның Днепропетровск қаласындағы әскери зауытын атқылағаны себеп болды. «Орешник» орта қашықтыққа жететін ракета, ядролық оқтұмсық тасымалдамайтын көрінеді. Украина тарабы қазір бұл ракетаның сынықтарын жинап, тексеріп жатыр. Ал Ресей мұндай ракетаның өндірісін жолға қоймақ.

Ресей өзінің ядролық доктринасын тағы да жаңартты. Яғни Путин Ресейдің ядролық қаруды тежеу саласындағы мемлекеттік саясатының негіздерін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Жарлықта агрессияны тежеу Ресейдің барлық әскери қуатымен, соның ішінде ядролық қарумен қамтамасыз етіледі деп белгінген. Демек ядролық қаруды қолданудың заңнамасы тағы бір рет оңайлатылды. Дегенмен Украина жағы Ресейдің оқ-дәрі қоймаларын жою жалғасады деп отыр.

Күні өтіп бара жатқан Джо Байден енді Украинаға Ресейдің жаяу әскерінің жолына көметін мина беру туралы шешім қабылдады. Минаны бұған дейін бейбіт тұрғындардың өміріне қауіпті деп бермей келген еді. Қазір берералдында  тұрғындар аз аумақтарға ғана қоюды ескертті. Ал Еуроодақтың бес ірі елі әскери өнеркәсіптік кешен блогын нығайту үшін бірлескен қорғаныс облигацияларын шығаруға келісті. Мұны олар Ресейдің екпінін басу мақсатында істеп отыр.

Міне, соңғы күндерде болып жатқан осындай оқиғаларға байланысты Қазақстан да өзінің қауіпсіздігін нығайту үшін Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығуларын өткізсе керек. Әрі мұндай көрініс сыртқа сес болады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады