Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады

15.05.2026, 10:31
119
Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Kenny HOLSTON / POOL / AFP via Getty Image

Трамп Си Цзиньпиннің бойы мен харизмасына ерекше тоқталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпин туралы ерекше пікір білдірді. Оның айтуынша, Си Цзиньпин Голливуд фильміндегі Қытай көшбасшысының «мінсіз бейнесіне» ұқсайды.

Ақ үй басшысы Fox News арнасындағы Hannity бағдарламасына берген сұхбатында Қытай төрағасының сырт келбеті мен өзін ұстау мәнеріне тоқталған. Трамп Сидің бойы ұзын екенін айтып, оны ерекше харизмасы бар саясаткер ретінде сипаттады.

«Ол өте ұзын бойлы. Әсіресе өз елі үшін. Әскерилерге қараңызшы — бүгінгі әскери шеру керемет болды. Егер Голливудқа барып, осы рөлге актер іздесеңіздер, дәл мұндай адамды таба алмайсыздар», – деді Трамп.

Сондай-ақ АҚШ президенті Қытай көшбасшысының жұмыс стилі өзіне ұнайтынын да жасырмады. Оның сөзінше, Си Цзиньпин уақытты босқа жұмсамайды және прагматикалық саясат ұстанады.

Айта кетейік, Дональд Трамп жуырда ресми сапармен Қытайға барған. Бұл — соңғы тоғыз жылдағы АҚШ президентінің Қытайға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары.

Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңында өткен ресми қарсы алу рәсімінде екі ел басшысы ұзақ қол алысып, келіссөздер өткізген. Кездесу барысында Трамп Си Цзиньпинді «досым» деп атаған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді