«Коучинг білім мен ғылымды дамытудың құралы ретінде» тақырыбындағы іс-шара Халықаралық коучинг апталығы аясында Халықаралық коучинг федерациясының (ICF Kazakhstan Charter Chapter) қазақстандық бөлімшесі Maqsut Narikbayev University-мен бірлесіп өткізілді. Алғаш рет дөңгелек үстел мемлекеттік тілде өткізілді.

Академиялық қауымдастық өкілдері, кәсіби коучерлер, HR мамандар коучингтің заманауи құзыреттерді қалыптастырудағы және кәсіби өсуді қолдаудағы рөлі туралы пікір алмасты. Сарапшылар коучингті ғылыми-зерттеу жұмыстары тиімділігін арттыратын және стратегиялық басқаруды жетілдіретін маңызды инфрақұрылымдық элемент екенін атап өтті.

Халықаралық коучинг федерациясы (ICF) 140-тан астам елде 50 мыңнан астам сертификатталған мамандарды біріктіретін әлемдегі ірі кәсіби ұйым. «ICF Kazakhstan» ҚБ – кәсіби коучингтік мәдениетті дамыту және басқару мен білім беру практикаларының сапасын арттыруға бағытталған коммерциялық емес бірлестік және ICF-тің Қазақстандағы ресми өкілдігі. Жыл сайын мамыр айында бүкіл әлем бойынша Халықаралық коучинг апталығы (ICW) өткізіледі.

RUS