«Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды
Полиция қайғылы оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Степногорск қаласында өндірістік аймақта 61 жастағы ер адам қайғылы жағдайда қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол биіктіктен құлап кеткен.
Оқиға 14 мамыр күні өнеркәсіптік аймақтың 9-аумағында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам шамамен 10 метр биіктіктен басымен құлаған. Ол шатырдан балға алмақ болған кезде тепе-теңдігін жоғалтқан деген болжам бар.
Ақмола облысы полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Сонымен қатар Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті бұл оқиғаға қатысты жұмыс беруші тарапынан ресми хабарлама түспегенін мәлімдеді. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Материал авторы