Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды

14.05.2026, 16:50
364
Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды Shutterstock

Полицияға жүгінген ер адам бұрынғы танысының аңдуы мен қысымынан қорған сұраған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қала полициясы бұл істі сталкинг бойынша тіркелген алғашқы фактілердің бірі ретінде тергеп жатыр.

Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы басшысының орынбасары Айтан Елеусізовтің айтуынша, күдікті әйел бұрынғы қарым-қатынасты қайта жандандыруға тырысқан. Алайда ер адам басқа отбасын құрғандықтан, өзін қудалаудан қорғау үшін полицияға жүгінген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сталкинг көбіне үздіксіз қоңырау шалу, бақылау, аңду, қорқыту және психологиялық қысым көрсетуден басталады. Кей жағдайда қысым балалар мен туыстар арқылы жасалуы мүмкін. Мамандар мұндай әрекеттер уақыт өте ауыр қылмыстарға ұласуы ықтимал екенін ескертеді.

Полиция өкілдері көп жағдайда қылмыстық іс тіркеліп, заң талаптары түсіндірілгеннен кейін қудалау тоқтайтынын айтады. Егер күдікті тергеу барысында да жәбірленушіні мазалауын жалғастырса, бұл сотта жауапкершілікті ауырлататын жағдай ретінде қарастырылуы мүмкін.

Брифинг барысында Алматыда отбасылық-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтар бойынша статистика да жарияланды. 2026 жылдың сәуір айының қорытындысында профилактикалық есепке 3104 адам қойылған. 2557 құқықбұзушыға қорғау нұсқамасы шығарылса, тағы 547 адамға сот арнайы мінез-құлық талаптарын бекіткен.

Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 4952 хабарлама тіркелген. Әкімшілік жауапкершілікке 2173 адам тартылған. Сонымен қатар 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, 347 құқықбұзушы арнайы қабылдау орындарына жіберілген.

Полиция мәліметінше, Алматыда зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталықтары мен медициналық мекемелер жұмыс істеп жатыр. Биылдың өзінде дағдарыс орталықтарына 24 әйел және олардың 49 баласы орналастырылған.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады