«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
14.05.2026, 18:13
827
«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді instagram.com/rozarymbaeva, instagram.com/zhunusova.makpal

Әнші өз концерттеріне көрерменді ешкім мәжбүрлеп әкелмейтінін ашық айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде тараған пікірлерге жауап беріп, әріптесі Роза Рымбаева айтқан сөздердің өзіне қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Әншінің айтуынша, желі қолданушылары Роза Рымбаеваның сұхбатындағы «Кейбір әншілердің концертіне халықты күштеп кіргізеді» деген пікірін Мақпал Жүнісованың шығармашылық кештерімен байланыстыра бастаған. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде «Мақпалдың концертіне көрерменді мәжбүрлеп апарады» деген әңгіме тараған.

Мақпал Жүнісова мұндай ақпаратты ашық түрде жоққа шығарды. Ол өмірінде әкімдікке барып концерт ұйымдастырып беруді сұрамағанын айтып, өз кештеріне халықтың ерікті түрде келетінін жеткізді.

«Менің концертіме халық өзі келеді. Өтірікті шындыққа жанастырып айтсаңдаршы», – деді әнші.

Өнер иесі тіпті гастрольдік сапарларға бірге еріп барып, көрерменнің өз еркімен келетінін тексеруге болатынын айтты. Оның сөзінше, әкімдік арқылы зал толтыру тәжірибесі оның шығармашылығында болған емес.

Сонымен қатар Мақпал Жүнісова Роза Рымбаева мұндай пікір айтқанда нақты кімдерді меңзегенін ашық атауы керек еді деген ойын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева сұхбаттарының бірінде сахнадан уақытында кеткен дұрыс екенін айтқан болатын. Әнші денсаулық әлсіреп, жас ұлғайғанда көрермен алдында жүруді дұрыс санамайтынын жеткізіп, болашақта шығармашылықпен қоштасу жоспары барын мәлімдеген.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады