Швеция мигранттарға еліне қайтқаны үшін 32 мың еуро төлейтін болды

03.05.2025, 11:33
6702
Швеция мигранттарға еліне қайтқаны үшін 32 мың еуро төлейтін болды AP Photo

Бұрын берілетін 900 еуро нәтиже бермеген соң мемлекет көмек көлемін бірден 3400 пайызға көтеруді шешкен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон Euronews арнасына берген сұхбатында миграциялық жағдайды бақылауға алу – «абсолютті қажеттілік» екенін айтып, елге оралғысы келетін мигранттарға берілетін қаржылай көмекті 900 еуродан 32 000 еуроға дейін арттыруды қолдады.

Қазіргі таңда Швеция мигранттарға өз еркімен елінен кетіп, Отанына оралғаны үшін 900 еуро көлемінде төлем ұсынады. Алайда бұл бастама аса нәтиже берген жоқ: Швецияның көші-қон агенттігінің дерегінше, 2023 жылы 70 өтінімнің тек біреуі ғана мақұлданған.

Осы жағдайды өзгерту үшін үкімет 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл соманы 32 000 еуроға дейін өсіруді көздеп отыр – бұл бұрынғыдан 3400 пайызға артық.

Кристерссон бұл саясатты Дания тәжірибесіне сүйене отырып әзірлеп жатқанын айтты. Көрші ел өз еліне қайтару бағдарламасы арқылы 22 мың адамды нысанаға алған.

«Біз дат моделін көшіріп жатырмыз. Бұл бастама – өз елінде өмір сүруді артық санайтындарға нақты мүмкіндік. Олар Швецияда өз болашағын көрмесе, Отанына оралу – дұрыс шешім», – деді премьер.

Ол бұл тәсіл бәріне бірдей ұнамауы мүмкін екенін мойындады, бірақ интеграция мәселесін ашық көтерді:

«Егер елде заңды түрде тұратын адамдар швед қоғамына бейімделе алмаса, Швецияның өмір салтын құрметтемесе, онда олар өз елдеріне оралу туралы ойланып көруі керек», – деп түйіндеді ол.

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон ЕО-ның жаңа Миграциялық пакті секілді реттелетін көші-қон саясатын қолдайтынын жеткізді. Ол паналауға өтініш білдіріп, теріс жауап алғандар Еуропада қалып қоймауы керек деп санайды.

«Қазір босқын мәртебесіне өтініш білдіргендердің шамамен 80 пайызы теріс жауап алып, соған қарамастан Еуропада қала береді. Бұл – мүлдем жол беруге болмайтын жағдай. Ал Швецияда біз бұл мәселені бақылауға алдық. Қазір теріс жауап алғандардың тек 20 пайызы ғана елде қалып отыр. Бұл – біз үшін маңызды жетістік», – деді премьер.

Кристерссонның айтуынша, Еуропа елдерінің көші-қонға деген көзқарасы айтарлықтай өзгеріп жатыр. Бұл жағдай келешекте саяси шешімдер қабылдауды жеңілдетеді деп есептейді.

Айта кетейік, жуырда Еуропалық комиссия заңсыз мигранттарды елдеріне қайтару процесін жеделдетуге бағытталған жаңа шараларды ұсынды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды