Автобус күтіп тұрған 64 жастағы әйелге күтпеген жерден бейтаныс ер адам шабуылдаған

Азиз Қалижан Редактор
03.05.2025, 18:36
3180
Автобус күтіп тұрған 64 жастағы әйелге күтпеген жерден бейтаныс ер адам шабуылдаған Polisia.kz

Түркістандағы аялдамада ер адам зейнеткердің әшекейін үзіп, сөмкесінен тартқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында тонау қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды.

Кезекшілікке түскен полиция қызметкері қоғамдық орындарға бейнебақылау камералары арқылы зерделеу жүргізіп, тұрғындар арасындағы дау-жанжалды байқап қалған. Бейтаныс ер адам әйелдің мойнындағы әшекей бұйымын үзіп алып, сөмкесін тартқылап жатқанын көрген. Содан бірден әрекет етіп, оқиға орнына жақын маңда жүрген полицейлерге хабар берді. Осылайша, жедел әрекет нәтижесінде ішімдік ішіп, тапа-тал түсте өзгені тонаған ер адам ұсталды.

Анықталғандай, облыс орталығындағы аялдамалардың бірінде қоғамдық көлік күтіп тұрған 64 жастағы әйелге бейтаныс ер адам кенеттен шабуыл жасаған. Ол жәбірленушінің қолындағы сөмкесін тартқылап, онымен қоймай әйелдің мойнындағы алқасын күшпен жұлып алып, оқиға орнынан "ізін суытпақ" болған. Десе де, камера арқылы қала тыныштығын күзетіп отырған полицей, қылмыстың алдын алып, күдікті қолға түсті.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды