2406

Астанада өтетін әскери шеруді қайдан көруге болады?

7 мамыр күні Астанада ауқымды әскери парад өтеді.

Астанада өтетін әскери шеруді қайдан көруге болады?
GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад өтетінін хабарлайды.

Мерекелік шеру 7 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Салтанатты шараға 4 мыңнан астам әскери қызметші қатысып, 200-ден астам әскери техника, 66 ұшақ пен тікұшақ пайдаланылады.

Отандастарымыз әскери шеруді:

республикалық телеарналардан;

еліміздің барлық қаласындағы LED-экрандардан;

Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көре алады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор