2515

Әйелін түскі ас дайындамағаны үшін ұрып-соққан Шиелі тұрғыны жазадан құтылып кетті

Әйелін түскі ас дайындамағаны үшін ұрып-соққан Шиелі тұрғыны сот алдына келді.

Әйелін түскі ас дайындамағаны үшін ұрып-соққан Шиелі тұрғыны жазадан құтылып кетті
Depositphotos

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әйелін түскі ас дайындамағаны үшін ұрып-соққан ер адамның ісі сотта қаралып, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 2025 жылдың 23 ақпанында орын алған. Сағат 16:40 шамасында күйеуі әйеліне ашуланып, еден жуатын швабрамен бірнеше мәрте ұрған. Салдарынан әйелдің екі қолына жеңіл жарақат келтірілген.

Сараптама қорытындысы — жеңіл дәрежелі дене жарақаты.

Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірген. Жәбірленуші кешірім берген, ешқандай талап қоймаған.

Сот Қылмыстық кодекстің 68-бабы 1-бөлігін басшылыққа ала отырып, жәбірленушімен татуласуына байланысты ер адамды жауапкершіліктен босатты, іс өндірістен тоқтатылды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор