Дональд Трамп өзін «Рим Папасымын» деп жариялады (ФОТО)

Азиз Қалижан Редактор
03.05.2025, 10:55
4318
Дональд Трамп өзін «Рим Папасымын» деп жариялады (ФОТО) truthsocial.com/@realDonaldTrump

Әлеуметтік желіде Трамптың әрекеті дау тудырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп тағы да жұртты таңғалдырды. Ол Truth Social парақшасына өзін Рим Папасы бейнесінде көрсеткен эпикалық суретті жариялады. Суретте Трамп алтын тақта отырып, папалық шапан киіп, басына митра (Папаның ресми бас киімі) киіп алған. Көкірегінде алып крест, қолында – папалық жүзікке ұқсайтын сақина.

Сурет ешқандай түсініктемесіз жарияланған. Трамп әдеттегідей оқырмандарына қиялға ерік беріп, пікірталасқа орын қалдырған. Кейбіреулер бұл суретке күлсе, енді бірі шынымен ойланып қалды.

Айта кетерлігі, бұл фотопостты жариялау уақыты да көпшілікке оғаш көрінді – себебі 21 сәуірде Рим Папасы Франциск дүниеден өтті. Трамп тіпті Ватиканда өткен жерлеу рәсіміне қатысқан болатын. Бұған дейін де ол әзілдеп, «бос тұрған лауазымды өзім-ақ алып кетсем бе» деп қалжыңдаған еді.

Интернетте бұл жарияланымға реакция лезде тарады. Кейбіреулер «қиялы шексіз адам» деп әзілдесе, енді бірі түрлі мемдер жасап жатты. Бірақ кейбір қолданушылар реніш білдірді: «Дінмен ойнауға болмайды» деген пікірлер де айтылды.

Дегенмен, Трамптың бұл әрекеті ешкімді бейжай қалдырған жоқ – бұл жолы да ол ақпарат кеңістігінің ортасында тұр.

«Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді