30 мың теңге үшін дүкеншіні аяусыз пышақтап өлтірген қаскөй сотталды

Азиз Қалижан Редактор
03.05.2025, 15:35
1027
30 мың теңге үшін дүкеншіні аяусыз пышақтап өлтірген қаскөй сотталды SMARTNEWS.KZ коллажы

27 жастағы қызды есірткіге ақша іздеген 51 жастағы қаскөй пышақтап өлтірген еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Саран қаласында дүкен сатушысын өлтірген 51 жастағы тұрғынға үкім шықты.

Қарағандыда дүкен сатушысын өлтірген Саран қаласының 51 жастағы тұрғынына сот үкімі шықты. Сотталушы 23 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық іс бойынша үкімді Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев жария етті. 51 жастағы сотталушы Қылмыстық кодекстің “Қызметтік немесе өндірістік үй-жайға немесе қоймаға заңсыз кіріп жасалған қарақшылық” және “Пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіру" бойынша кінәлі деп танылды.

"Сот И-ді Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлімі 4-тармағы және 99-бабы 2-бөлімі 8-тармағы бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 192-бап бойынша — 8 жылға, ал 99-бап бойынша — 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қылмыстық кодекстің 58-бабы 4-бөлігіне сәйкес жаза ішінара қосылып, түпкілікті 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", — деді судья Бекзат Шалғымбаев.

Сонымен қатар сотталушыға нашақорлықтан мәжбүрлі ем тағайындалды.

Моральдық шығын ретінде сотталушыдан жәбірленуші тарапқа 20 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шықты. Жәбірленуші тарап үкіммен келісіп отыр.

Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында Саран қаласында дүкен сатушысы өлтірілген болатын. 22 қаңтарда ер адам таксимен Қарағандыдан Саран қаласына келген. Бірақ таксидің жол ақысын төлеуге ақша болмады. Содан кейін ол ақшаны әкеліп, телефонды қайтарып алуға уәде беріп, ұялы телефонын уақытша тастап кеткен. Ол телефонын қайтарып алу үшін дүкеннен 30 мың теңге тонамақ болған. Дүкенде күзет болмаған. 

 
 
Емделіп жатқан Төреғали Төреәліге желі қолданушылары қолдау білдірді «Мәһр болғаны дұрыс»: Жахан Отарғалиев Дубайда келіншегіне мәһр сыйлады (ВИДЕО) Автобус күтіп тұрған 64 жастағы әйелге күтпеген жерден бейтаныс ер адам шабуылдаған TikTok Қытайға қолданушылардың деректерін бергені үшін 530 млн еуро айыппұл төлемек Атырауда қоқысқа толы пәтерден зейнеткердің мәйіті табылды Олимпиада жүлдегерлері пәтер кілттерін алды Астанада зейнеткерлер санаторияға тегін жолдама үшін таласып жатыр (ВИДЕО) 30 мың теңге үшін дүкеншіні аяусыз пышақтап өлтірген қаскөй сотталды Ермұрат Бәпи, Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан: Ресейге кіруге тыйым салынған Қазақстан азаматтары көбейген «Бүкіл денесі жанып кеткен»: токқа түсіп қаза болған 9 жасар баланың анасы меморгандарды кінәлап отыр Әйелін түскі ас дайындамағаны үшін ұрып-соққан Шиелі тұрғыны жазадан құтылып кетті Ерекше балалар үшін жүгірген марафоншылардың арқасында инклюзивті кабинеттер ашуға мол қаржы жиналды АҚШ Украина мен Ресейдің келіссөзінде делдал болудан шаршады Ресейде жаңа көліктер бұрын-соңды болмаған арзан бағаға түсті Елдегі мұғалімдердің жалақысы бес жылда 100%-ға көбейген Астанада өтетін әскери шеруді қайдан көруге болады? Атырауда Каспий маңындағы қамыс өрті 2 күннен бері жалғасып жатыр Швеция мигранттарға еліне қайтқаны үшін 32 мың еуро төлейтін болды Дональд Трамп өзін «Рим Папасымын» деп жариялады (ФОТО) Оралда студентті тонаған 21 жастағы күдікті ұсталды