Ресейде жаңа көліктер бұрын-соңды болмаған арзан бағаға түсті

Азиз Қалижан Редактор
03.05.2025, 13:12
7087
Ресейде жаңа көліктер бұрын-соңды болмаған арзан бағаға түсті Рамиль Ситдиков/РИА Новости

Жаңа қытай көлігінің өзі 6,3 млн теңгеден басталады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың сәуірінде Ресейде жаңа автокөліктер бағасы соңғы бірнеше жылда болмаған деңгейге дейін төмендеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі мәлімдеді.

Автоэксперт Игорь Моржареттоның айтуынша, қазір тіпті 2024 жылғы жаңа қытай көлігін 1,3 млн рубльден (шамамен 6,3 млн теңге) басталатын бағамен сатып алуға болады.

Сарапшы бағаның төмендеуін бірден бірнеше себеппен түсіндіреді. Біріншіден, соңғы айларда Қытайдан көп мөлшерде көлік тасымалданған, алайда сұраныс төмен болғандықтан, олардың едәуір бөлігі дилерлік қоймаларда қалып қойған. Соның салдарынан сатушылар бағаны төмендетуге мәжбүр.

Екіншіден, елдегі авто нарық жалпы тоқырауға ұшыраған. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында жаңа көлік сату көлемі 27%-ға азайып, 287 мыңнан сәл асқан. Тек наурыз айының өзінде сату көлемі 45%-ға құлдыраған.

Нарықтағы жағдай былай бөлінеді:

  • Жеңіл көліктер: –26% (245 мың дана);

  • Жеңіл коммерциялық көліктер (LCV): –16% (24,3 мың дана);

  • Жүк көліктері: –46% (15,4 мың дана);

  • Автобустар: –55% (2,5 мың дана);

  • Электромобильдер: –67% (2,1 мың дана).

«Автостат» агенттігінің басшысы Сергей Целиков Telegram-арнасында жазғандай, жаңа көліктерге сұраныстың күрт төмендеуіне автонесиелердің жоғары пайыздық мөлшерлемесі себеп. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде бұл себепті респонденттердің 63%-ы атаған.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады