АҚШ Украина мен Ресейдің келіссөзінде делдал болудан шаршады

03.05.2025, 13:31
804
АҚШ Украина мен Ресейдің келіссөзінде делдал болудан шаршады AP Photo

Мәскеу келіссөздерді әдейі созып, уақытты ұтып жатыр дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Украина мен Ресейдің бейбіт келіссөздеріндегі делдалдық рөлінен бас тартуға жақын.

Вашингтон бірнеше айлық дипломатиялық тоқыраудан кейін Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған жаңа тактикаға көшуде. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлады.

«Біз бүкіл әлемді аралап, кездесулер ұйымдастырып жүрмейміз. Бұл екі тараптың өз ісі. Қазір олар нақты келісім шарттарын өзара пысықтап, нақты шешімдер ұсынатын уақыт», — деді департаменттің ресми өкілі Тэмми Брюс.

Бұл мәлімдеме АҚШ-тың соғысқа араласу тактикасындағы айтарлықтай өзгеріс екенін көрсетеді. АҚШ биыл бейбіт келіссөздерді ілгерілету үшін түрлі қадамдар жасап көрген, алайда соғыс тоқтамады.

Сәуір айында мемлекеттік хатшы Марко Рубио: «Егер алдағы апталарда ілгерілеу болмаса, біз бұл процестен мүлдем кетуіміз мүмкін», — деп мәлімдеген еді.

Президент Дональд Трамптың өзі сайлауалды науқан кезінде соғысты «бір күнде тоқтатамын» деп уәде берген болатын. Алайда нәтиже шықпаған соң, ол да ашық күйін білдіріп:

«Егер тараптардың бірі тым қиындық тудырса, біз айтамыз: «Сендер ақымақсыңдар. Жаман адамсыңдар». Содан соң жай ғана кетіп қаламыз», — деді Трамп 18 сәуірдегі Truth желісіндегі жазбасында.

Америка шаршай бастады

1 мамырда АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те Fox News телеарнасына берген сұхбатында:

«Бұл соғыс жақын арада аяқталады деу – аңғалдық. Енді бәрі украиндар мен орыстардың өздеріне байланысты», — деп мәлімдеді.

Бейбітшілікке ұмтылыс пен күмән

Жыл басында АҚШ 30 күндік уақытша бітім мен азаматтық инфрақұрылымды атқылауды тоқтату секілді ұсыныстар жасаған. Сауд Арабиясында Ресеймен келіссөздер өткен. Бірақ бұл әрекеттер Украина мен Еуропа елдерінің наразылығын туғызды — оларды бейбіт процестен шеттетіп жатыр деген күдік пайда болды.

Мәскеу ұсыныстардың ешқайсысына ресми жауап берген жоқ. Керісінше, Ресей Украина бойынша соққыларды үдетіп жатыр.

24 сәуірде Киевке жасалған зымыран шабуылында кем дегенде 12 адам қаза тапты. Осыдан кейін Трамп өзінің әлеуметтік парақшасында Ресей басшысын ашық сынап:

«Владимир, тоқта! Аптасына 5 мың сарбаз өліп жатыр. Бітімге келейік», — деп жазды.

Киев АҚШ қолдайтын бітім жобаларын мақұлдап отыр. Бірақ Украина тарапы Мәскеуді келіссөздерді әдейі созып, уақытты ұту тактикасын қолданып отыр деп айыптайды.

Емделіп жатқан Төреғали Төреәліге желі қолданушылары қолдау білдірді «Мәһр болғаны дұрыс»: Жахан Отарғалиев Дубайда келіншегіне мәһр сыйлады (ВИДЕО) Автобус күтіп тұрған 64 жастағы әйелге күтпеген жерден бейтаныс ер адам шабуылдаған TikTok Қытайға қолданушылардың деректерін бергені үшін 530 млн еуро айыппұл төлемек Атырауда қоқысқа толы пәтерден зейнеткердің мәйіті табылды Олимпиада жүлдегерлері пәтер кілттерін алды Астанада зейнеткерлер санаторияға тегін жолдама үшін таласып жатыр (ВИДЕО) 30 мың теңге үшін дүкеншіні аяусыз пышақтап өлтірген қаскөй сотталды Ермұрат Бәпи, Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан: Ресейге кіруге тыйым салынған Қазақстан азаматтары көбейген «Бүкіл денесі жанып кеткен»: токқа түсіп қаза болған 9 жасар баланың анасы меморгандарды кінәлап отыр Әйелін түскі ас дайындамағаны үшін ұрып-соққан Шиелі тұрғыны жазадан құтылып кетті Ерекше балалар үшін жүгірген марафоншылардың арқасында инклюзивті кабинеттер ашуға мол қаржы жиналды АҚШ Украина мен Ресейдің келіссөзінде делдал болудан шаршады Ресейде жаңа көліктер бұрын-соңды болмаған арзан бағаға түсті Елдегі мұғалімдердің жалақысы бес жылда 100%-ға көбейген Астанада өтетін әскери шеруді қайдан көруге болады? Атырауда Каспий маңындағы қамыс өрті 2 күннен бері жалғасып жатыр Швеция мигранттарға еліне қайтқаны үшін 32 мың еуро төлейтін болды Дональд Трамп өзін «Рим Папасымын» деп жариялады (ФОТО) Оралда студентті тонаған 21 жастағы күдікті ұсталды