«Бүкіл денесі жанып кеткен»: токқа түсіп қаза болған 9 жасар баланың анасы меморгандарды кінәлап отыр

Азиз Қалижан Редактор
03.05.2025, 14:44
992
«Бүкіл денесі жанып кеткен»: токқа түсіп қаза болған 9 жасар баланың анасы меморгандарды кінәлап отыр бейнежазбадан

Оралда 9 жастағы Ануар Рахимовты 10 мың вольттық ток соғып қаза болған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орал қаласында 9 жастағы Ануар Рахимов ток соғып ауыр жарақат алып, екі күннен кейін ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға 30 сәуір күні Исатай-Махамбет көшесіндегі №82 үйдің маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, балалар футбол ойнап жүргенде, доп электр қосалқы станциясының төбесіне түсіп қалған. Ануар оны алмақ болып төбеге көтерілгенде, ток ұрып, 95% денесін күйік шалды. Оқиға орнында өрт шыққан.

Баланың анасы Турсынгүл Бисекенова қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді.

«Сағат 19:00-де далаға шықты, 19:20-да үлкен ұлыма достары қоңырау шалып, інісі құлап, жедел жәрдем шақыртқанын айтты. Далаға жүгіріп шықтық. Балам жалаңаш, көмірге айналып кеткендей жатты. Тірі жері қалмаған. Бірақ ол кезде тірі еді», – дейді анасы.

Бала ағаштың бұтағы мен тақтайға сүйеніп, станция төбесіне көтерілген. Допты жерге түсірген соң, қорқып, басқа жақтан түспек болғанда, 10 мың вольттық ток ұрып, аяғы ілініп, электр сымына қолы тиіп, қатты жараланған.

«Балалар айқайлап, көмек шақырды. Бір ер адам келіп, баламды жерге түсіріп, үстіндегі киімін шешіп, алғашқы көмек көрсете бастаған. Мен өзім баламды танымай қалдым», – дейді көз жасын тыя алмаған ана.

Дәрігерлер екі күн бойы өмірі үшін күрескен. Алғашқы күні оң қолы мен аяғы ампутацияланған, алайда 1 мамыр күні сағат 22:30-да Ануар көз жұмды.

Анасының айтуынша, олар тұратын тоғыз қабатты үйде 200-ге жуық отбасы тұрады, бірақ балалар ойнайтын алаң жоқ.

«Бұрын салынған ойын алаңында доп тебуге тыйым салынған, өйткені ол кішкентай балаларға арналған. Сондықтан балалар үйдің артында, қоқыс маңында, қоршаусыз жерде ойнайды. Доп ұшып кетпес үшін ең болмағанда төрт метрлік тор қойылуы керек еді. Электр станциясы да қоршалуы тиіс. Бүгін менің балам көз жұмды, ертең басқаның баласы дәл осылай жапа шегуі мүмкін», – деді ол.

Турсынгүл Бисекенова мемлекеттік органдардың жауапсыздығына ашынып, кінәлілер жазалануы тиіс екенін айтты.

«Бір тал ағаштың бұтағына сым ілініп тұр. Ертең найзағай түссе, бүтін үй өртенеді. Біз салық төлейміз, КСК-ға ақша өткіземіз. Бірақ ешкім жағдайды түземейді. Балам №1 мектептің 3-сыныбында оқыды. Ең кенжем еді. Жүрегім жарылып барады», – деді Ануардың анасы.

Қазіргі таңда полиция тергеу амалдарын бастады.

Емделіп жатқан Төреғали Төреәліге желі қолданушылары қолдау білдірді «Мәһр болғаны дұрыс»: Жахан Отарғалиев Дубайда келіншегіне мәһр сыйлады (ВИДЕО) Автобус күтіп тұрған 64 жастағы әйелге күтпеген жерден бейтаныс ер адам шабуылдаған TikTok Қытайға қолданушылардың деректерін бергені үшін 530 млн еуро айыппұл төлемек Атырауда қоқысқа толы пәтерден зейнеткердің мәйіті табылды Олимпиада жүлдегерлері пәтер кілттерін алды Астанада зейнеткерлер санаторияға тегін жолдама үшін таласып жатыр (ВИДЕО) 30 мың теңге үшін дүкеншіні аяусыз пышақтап өлтірген қаскөй сотталды Ермұрат Бәпи, Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан: Ресейге кіруге тыйым салынған Қазақстан азаматтары көбейген «Бүкіл денесі жанып кеткен»: токқа түсіп қаза болған 9 жасар баланың анасы меморгандарды кінәлап отыр Әйелін түскі ас дайындамағаны үшін ұрып-соққан Шиелі тұрғыны жазадан құтылып кетті Ерекше балалар үшін жүгірген марафоншылардың арқасында инклюзивті кабинеттер ашуға мол қаржы жиналды АҚШ Украина мен Ресейдің келіссөзінде делдал болудан шаршады Ресейде жаңа көліктер бұрын-соңды болмаған арзан бағаға түсті Елдегі мұғалімдердің жалақысы бес жылда 100%-ға көбейген Астанада өтетін әскери шеруді қайдан көруге болады? Атырауда Каспий маңындағы қамыс өрті 2 күннен бері жалғасып жатыр Швеция мигранттарға еліне қайтқаны үшін 32 мың еуро төлейтін болды Дональд Трамп өзін «Рим Папасымын» деп жариялады (ФОТО) Оралда студентті тонаған 21 жастағы күдікті ұсталды