Ермұрат Бәпи, Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан: Ресейге кіруге тыйым салынған Қазақстан азаматтары көбейген

03.05.2025, 15:01
3402
Ермұрат Бәпи, Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан: Ресейге кіруге тыйым салынған Қазақстан азаматтары көбейген SMARTNEWS.KZ коллажы

Бірнеше саясаттанушы, қоғам белсенділері мен депутаттар енді Ресейге кіре алмайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бірнеше қазақстандық депутат пен қоғам белсенділеріне Ресей Федерациясының аумағына кіруге тыйым салынған. Бұл туралы DW басылымы мәлімдеді. 

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДЕ БІР-БІРІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ТҰЛҒАЛАР ТІЗІМІ БАР

Сәуір айының соңында ресейлік тарихшы әрі ТМД елдері институтының өкілі Андрей Грозин Астанаға келгенде, шекарадан өтпей, елге кіргізілмеді. Ол ресми түрде шақырылғанына қарамастан, Қазақстанға кіруге тыйым салынған тұлғалар тізімінде екені айтылды. Себебін ешкім түсіндірмеген.

Бейресми дереккөздер Грозиннің бұған дейін Қазақстан мен президент Тоқаевқа қатысты жағымсыз пікірлер айтқанын еске салады. Мысалы, ол Қазақстанды «Украина 2014» деп атаған, ал қазақтар туралы «мал ұрлайды, үй өртейді» деген пікір айтқан.

Қазақстан тарапының айтуынша, мұндай тізім расымен бар және оған тек ресейліктер ғана емес, басқа елдердің азаматтары да енген. Бұрын бұл тізімнің басында Жириновский болса, қазір онда Тина Канделаки, Тигран Кеосаян, Александр Дугин, Госдума депутаттары сияқты өзге де тұлғалар бар.

ҚАЗАҚСТАН ДА РЕСЕЙДІҢ ТІЗІМІНДЕ БАР

Қазақстандық сарапшы Жақсылық Сабитовтың айтуынша, Ресейге кіруге тыйым салынған қазақстандықтардың саны аз емес. Олардың кейбірі тіпті шекарада ғана емес, билет сатып алу кезінде бұл туралы білген. Әсіресе 2022 жылдан бері, Facebook пен Instagram-да пікір білдірушілер көбейгеннен кейін мұндай тыйымдар жиілеп кеткен.

Ресейге кіруге тыйым салынған қазақстандықтар қатарында саясаттанушылар Досым Сәтпаев пен Димаш Әлжанов, қоғам белсенділері Мұхтар Тайжан мен Төлжан Қожалы, депутаттар Ермұрат Бапи мен Айдос Сарым бар.

Айдос Сарым 2021 жылы Мәскеуде дипломатиялық төлқұжатпен жүрген кезде шекарадан өте алмай, «персона нон грата» деп танылғанын айтады. Оған ешқандай себеп айтылмаған, тек егер қайталап кірмек болса, 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені ескертілген.

Сарымның сөзінше, Ресейге кіруге тыйым салынғандардың ішінде Қазақстанның бірқатар белгілі ғалымдары, тарихшылары бар, тіпті Ресейде туғандары да кездеседі. Сондықтан Қазақстан да жауап ретінде ұқсас шараларға баруға мәжбүр.

Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүниеден өтті Dala.Camp форумында мал шаруашылығы саласындағы жобалардың питчингі өтеді Петропавлда зейнеткер әйел үсіп қайтыс болды Түркістан облысында жұмыс берушінің қателігі ана мен баланы жәрдемақысыз қалдырды «Басы жарылып, құлағы естімейді»: Қазақ модель қыз Бали аралында қамауға алынды (ВИДЕО) Автобуспен Мәскеуден Ташкентке бет алған шетелдіктер жолда үсіп қалды Венесуэла оппозиционері Нобель сыйлығын Трампқа берді Боран, көктайғақ және қатты аяз: 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы Ақтауда сержант қызметтік КамАЗ астында қаза тапты Туыстары байланған жарамен тапқан: Талғар маңында әйел адамды пышақтап өлтірді Астанада 7 жасар шөбересін туған күнде зорлаған қария сотталды Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген күдікті қамауға алынды Жұмбақ жағдайда қайтыс болған балалардың аналарын полиция ұстап әкетті (ФОТО) Air Astana қызметкерлері сотқа тартылды Актриса Альмира Тұрсын өзін балағаттағандарға қатаң ескерту жасады Куликов дауы: Қазақ және қырғыз халқы кондитерлік желіге жаппай бойкот жариялады (ВИДЕО) 600 мың теңгенің торт дауына сот нүкте қойды Шымкент базарында үнді студентіне тиіскендерге сот шешім шығарды (ВИДЕО) «Қазақ халқынан кешірім сұраймын»: Әкесін азаптаған ер адам сотта көз жасына ерік берді Павлодар облысында өрттен екі бала көз жұмды