Қазақстандықтар меншік иелері бірлестігін онлайн тіркей алады

15.03.2023, 18:10
450
Қазақстандықтар меншік иелері бірлестігін онлайн тіркей алады smartnews.kz

Қазақстандықтар меншік иелері бірлестігін (МИБ) онлайн режимде тіркей алады. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Әділет министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Digital Justice портфелі аясында жаңа жобаны іске қосты. Енді қазақстандықтар МИБ-ті онлайн режимде тіркеу мүмкіндігіне ие болды.

Бұрын қазақстандықтар МИБ тіркеу және оның төрағасын сайлау үшін үй тұрғындарымен бірнеше рет кездесіп, әділет органдарына тиісті өтініш беріп, көп уақыт жұмсайтын. Енді ұялы телефондағы мобильдік қосымша арқылы онлайн-өтінім беруге болады. Бұл қызмет «Управдом» ЖШС қосымшасында қолжетімді», - дейді ол.

Талғат Уәлидің айтуынша, бұл жоба арқылы онлайн форматта дауыс беруге болады. Бұл тұрғындардың қолтаңбаларын онлайн жинауға, дауыстарды, кворумды автоматты түрде санауға және электрондық хаттаманы автоматты түрде толтыруға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ үйдің төрағасы, хатшысы және Кеңес мүшелері қол қойған электрондық хаттама «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына МИБ-ті электрондық тіркеу үшін жолданады. Жоба ең алдымен, МИБ қызметінің ашықтығы, алаяқтық әрекеттерді болдырмау, үйді басқару кезінде процестерді автоматтандыру, қағаз құжат айналымынан арылуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, азаматтарға қолайлы болу үшін басқа да IT-шешімдерді ұлғайту бойынша жұмыстар жалғаса бермек. Әділет министрлігі халыққа қызмет көрсетуді жақсарту үшін реформаны іске асыруды одан әрі жетілдіре береді», - ресми өкіл.

Айта кетейік, Қазақстанда пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) орнына тұрғын үйді басқарудың жаңа формалары енгізілді:

- меншік иелері бірлестігі (МИБ) – заңды тұлға ретінде тіркелу;

- қарапайым серіктестік – заңды тұлға ретінде тіркелмей, барлық меншік иесімен тікелей бірлесіп басқару формасы.

Көпқабатты баспана тұрғындары енді «бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидасына сәйкес өз үйін өзі басқаратын болады.

Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді Токиода қазақтың күйін әуелеткен жапон музыканты жұртты тәнті етті (ВИДЕО) «Американың Невадасы жолда қалды»: Желіде Тұзбайырдың табиғаты көпті таңғалдырды (ВИДЕО) Макрон мен Мерц Ресейге санкциялармен сес көрсетіп, Украинаны қолдауға уәде етті «Талайды тірілттім»: Астанадағы парадқа кіре алмаған ардагер сұхбат берді Еуропаның төрт ел басшылары бітім тақырыбын талқылау үшін Киевке келді Баян Алагөзова алғаш рет кішкентай қыздарын көрсетті (ФОТО) Елордада ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды «Алаяқ банкирлер»: банк пен микрокредиттің қызметкерлеріне қатысты 61 іс тергеліп жатыр Димаш әйгілі әнші Лара Фабианмен дуэт орындайды Ақтөбе облысында жол апатынан автобус жүргізушісі қайтыс болды Белгілі ақын Темірхан Медетбек өмірден өтті Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam турнирінде күміс жүлде алды Путин гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады Астанада Жеңіс күніне арналған «Бейбіт аспан астында» атты ауқымды мереке өтті Астанада ЖИ және робототехника бойынша алғашқы халықаралық конференция өтуде «Қайрат Нұртас бір той үшін 5 млн теңге алады»: Әншілердің гонорары белгілі болды Атыраулық 5 жасар дирижер министр Алғыс хатын алды (ВИДЕО) Енді ұсақ берешек үшін кәсіпкердің шоттары бұғатталмайды