Астанада ЖИ және робототехника бойынша алғашқы халықаралық конференция өтуде

09.05.2025, 15:51
1840
Астанада ЖИ және робототехника бойынша алғашқы халықаралық конференция өтуде NU Баспасөз қызметі

Медицинада жасанды интеллектті және робототехниканы қолдану, хирургиялық роботтар, роботты оңалту жүйелері – осы тақырыптардың барлығы ЖИ және робототехника бойынша 1-ші халықаралық конференцияның (AIR) назарында.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, іс-шара 2025 жылдың 9-11 мамырында Nazarbayev University (NU) кампусында өтуде. Оны NU жанындағы Медициналық робототехника зерттеулерін өткізетін құзырет орталығы (CEMRR) және The Soft Computing Research Society ұйымы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, Қазақстандағы медициналық технологиялар нарығы 747,5 миллион АҚШ долларына бағаланады, сонымен қатар ЖИ мен медицинадағы робототехниканың әлеуеті зор.

«AIR 2025 конференция аясында өтетін талқылаулар біздің министрліктің негізгі басымдықтарымен тікелей сәйкес келеді: олар ЖИ стратегиясы, цифрлық инфрақұрылым, инновациялық платформалар, киберқауіпсіздік және адами капиталды дамыту. Біз Назарбаев Университетінің экожүйесіне ұқсас ғылыми экожүйелерді дамытуға қолдау көрсетуге тырысамыз. Медициналық робототехника зерттеулерін өткізетін құзырет орталығының (CEMRR) және оның халықаралық серіктестерінің жұмысы біз «қолданбалы инновация» деп атайтын – ұлттық қажеттіліктер мен жаһандық сын-қатерлерді бір уақытта қарастыратын зерттеулердің жарқын мысалы болып табылады», - деді министр.

Орталықта зерттуелуерді жасайтын ғалымдар мен студенттерден құралған топтар мүгедектерді емдеудің роботтық әдістерін әзірлеуде, хирургияны автоматтандыру және жасанды интеллект негізіндегі есептеу әдістемесі бойынша жобаларды жүзеге асыруда, әсіресе ортопедия және онкология сияқты салаларда. Екі жыл ішінде Орталық 6 беделді зерттеу грантын жеңіп алды және Колумбия университеті, Лидс университеті, Квинсленд технологиялық университеті және Шанхай университеті сияқты беделді институттармен серіктестік орнатты.

«Біз ортопедия мен онкологияда компьютерлік көруді пайдалана отырып, медицинадағы ЖИ әлеуетін зерттеп жатырмыз. Орталықта біз оңалту және хирургиялық роботты құрылғыларға арналған роботтық жүйелерді, соның ішінде ұзын сүйек сынықтарын қайта орналастыруға арналған роботты әзірледік, сонымен қатар пациенттердің жүруін қалпына келтіруге арналған роботты жасап, коммерцияландырудамыз», - деді CEMRR орталыңғының ғылыми жетекшісі, NU қауымдастырылған профессоры Прашант Джамвал.

Үш күндік ғылыми конференция бағдарламасы тақырыптардың кең ауқымын қамтиды, оның ішінде алдыңғы қатарлы зерттеулердің 100-ден астам презентациялары, сондай-ақ 18 елдегі 95 ғылыми мекеме өкілдерінің жетекші ғалымдарының баяндамалары бар.  Медициналық сенсорлар және MedTech құрылғыларының интеграциясы бойынша маманданған Зиген университетінің (Германия) профессоры Бхаскар Чубей айтып береді, ал атақты онкология және цифрлық патология бойынша сарапшы профессор Бхарат Джасани (Кардифф университеті) диагностика мен трансляциялық зерттеулердегі ЖИ құралдарына баса назар аудара отырып, дербестендірілген медицинаның дамуы туралы айтады.

Сондай-ақ конференцияда Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің (Австралия) профессоры Роланд Геккенің денсаулық мониторингінде эмоциялар мен бет-әлпетті тану технологиясын пайдалану туралы баяндамасы болады. Лидс университетінің профессоры Шан Се киілетін құрылғылар, телемедицина және ЖИ диагностикасы саласындағы соңғы жаңалықтарды ұсынады.

NU платформасы ғалымдарға, зерттеушілерге және кәсіпқойларға идеялармен алмасуға, байланыс орнатуға, ЖИ және робототехника саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеулер мен инновацияларды зерттеуге мүмкіндік береді. Конференция материалдары Springer басылымда шығып, SCOPUS, DBLP, INSPEC сияқты танымал платформаларда индекстеледі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды