6423

Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді

Сара Алпысқызының жағдайы ауыр деген хабар тараған еді.

Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді
желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ел президентінің іс басқармасы медициналық орталығының ұлттық госпиталі Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bes.media сайты жазды. 

Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның ауруханада емделіп жатқанын растады.

"Барлық медициналық процедуралар бекітілген медициналық көмек стандарттарына сәйкес және білікті мамандардың бақылауымен жүзеге асырылады. Аурухана пациенттің диагнозына, денсаулық жағдайына, емдеу әдістеріне және нәтижелеріне қатысты басқа ақпаратты, медициналық құпияны негізге ала отырып, жария етпейді. 

Ақпаратты жасыру туралы шешім науқастың жеке өміріне заңды құқықтарын қамтамасыз ету, оның жеке өмірін құрметтеу және емдеу процесіне ықтимал араласудан қорғау мақсатында қабылданды", – делінген хабарламада.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор