Белгілі ақын Темірхан Медетбек өмірден өтті

Азиз Қалижан Редактор
10.05.2025, 09:10
835
Белгілі ақын Темірхан Медетбек өмірден өтті әлеуметтік желіден

Ақын 80 жасында бақиға аттанды…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі ақын Темірхан Медетбек сексеннен асқан шағында бақиға аттанды.

Ақынның өмірден өткенін әдебиет сыншысы Бағашар Тұрсынбайұлы көпшілікке естіртті.
“Алатауға асылып жыладық, Қаратауды құшақтап, ашынып жыладық” деп жазған өлеңіңізді кім ұмытсын! Иманыңыз саламат болсын, Темаға, - деп жазды Бағашар Тұрсынбайұлы. 
Темірхан Медетбек өткен жылы «Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болған еді. 

Ақын 1945 жылы алтыншы наурызда Түркістан облысының  Амангелді ауылында дүниеге келген. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері оның есімі көпшілікке белгілі. 

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтының  филология факультетін аяқтаған соң 1968-2002 жылдары радио мен телеарнада, әр түрлі газет-журналда, шығармашылық ұйымдарда қызмет атқарған. Қазақстан Жазушылар Одағында екінші хатшы, 2003 жылдан “Ақиқат” журналының бас редакторы қызметін атқарған. 

«Жанымның жапырақтары», «Сапар алдында», «Алыс шақырымдар», «Мәртебе», «Әуедегі толқындар», «Дауыс», «Көгершін қауырсындары», «Аңқа кептірген аңызақ», «Сырым бар саған айтатын», «Тағдырлы жылдар жырлары», «Көк түріктер сарыны» жыр жинақтары мен «Менің Абайым», «Баба дәстүрдің мұрагері кім?», «Сегіз қырлы сексен сырлы әлем бұл» атты кітаптары жарық көрген. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды