«Алаяқ банкирлер»: банк пен микрокредиттің қызметкерлеріне қатысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025, 11:11
1464
«Алаяқ банкирлер»: банк пен микрокредиттің қызметкерлеріне қатысты 61 іс тергеліп жатыр Shutterstock

Банк пен микрокредит ұйымдары қызметкерлеріне қатысты 61 алаяқтық іс тергеліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутатының сауалына жауап бере отырып, банк қызметкерлері мен микрокредит ұйымдарына қатысты алаяқтыққа байланысты 61 қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

— Қаржы секторындағы заң бұзу фактілері бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты, оның ішінде алаяқтық (ҚК-нің 190-бабы), өкілеттіктерді теріс пайдалану (ҚК-нің 250-бабы), сондай-ақ міндеттеріне адал қарамау (ҚК-нің 254-бабы)фактілері бойынша 61 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, — деп жазады Бас прокурор.

Берік Асылов осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін жыл басынан бері шағын кредит беру талаптары күшейтілгенін еске салады.

— Қазіргі таңда клиентті биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі. Ал қарыз алушының шотына ақшалай қаражат аудару клиентке оның банк шотының немесе төлем картасының тиесілі екенін анықтағаннан кейін жүзеге асырылады, — деп жазылған жауапта.

Сондай-ақ ол банк секторындағы алаяқтыққа қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту бағытында атқарылған жұмыстар туралы да ақпарат ұсынған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды