Елордада ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды

Аиса Махамбет Редактор
10.05.2025, 11:49
870
Елордада ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды Polisia.kz

Қызға алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекті рет кәсібиліктері мен кез келген сәтте көмекке келуге дайын екендіктерін дәлелдеді. Оқиға Салтанат сарайы маңында болды. Автобус аялдамасынан келе жатқан жас қыз кенеттен өзін жайсыз сезінген.

Қыз жол бойына жақын маңда тұрған әскери қызметшілерден көмек сұрады. Жағдай шұғыл әрекетті талап етті. Ұландықтар бірден іске кірісті.

Аға лейтенант Бағлан Тәтей, лейтенант Әділет Мұратов және қатардағы жауынгер Даниял Сәрсенғалиев зардап шеккен қызды қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

"Біз келген кезде қыздың жағдайы өте ауыр екені бірден байқалды. Ол теңселіп, әрең жүріп келе жатты. Біз оны жол жиегінен алып кетіп, жарақат алу қаупін болдырмауға тырыстық. Эпилепсия ұстамасына ұқсас жағдай болды: қолдары қалтырап, көзі бұлдырап тұрды. Біз оны бір қырынан жатқызып, басын ұстадық, есінен танып қалмауы үшін үнемі сөйлесіп отырдық. Ең бастысы – оның құлап, өзіне зақым келтіріп алуына жол бермеу еді", - дейді аға лейтенант Бағлан Тәтей.

Куәгерлердің айтуынша, қызда эпилепсия ұстамасының белгілері байқалған. Әскери қызметшілер жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер қызды қалалық ауруханаға жеткізді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді