«Американың Невадасы жолда қалды»: Желіде Тұзбайырдың табиғаты көпті таңғалдырды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
10.05.2025, 15:14
852
«Американың Невадасы жолда қалды»: Желіде Тұзбайырдың табиғаты көпті таңғалдырды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Маңғыстаулық блогердің бейнежазбасы көпке тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Тұзбайырдың жаңбырдан кейінгі "айнаға" айналған сәті бейнеленген видео пайда болды

Қазақстандық видеограф Адай Мырзатай Instagram парақшасында жаңбырдан кейінгі Тұзбайыр тұзды шөлі бейнеленген бейнетүсірілімін жариялады.

Әуеден түсірілген видеода жауыннан соң көлге айналған тұзды жазық алып айна секілді жылтырап жатыр. Бірнеше шақырымға созылған жазық жаңбыр суымен жабылып, ерекше көрініске айналған. Адай өзінің видеосын қысқа ғана сипаттаған:

«Керемет Тұзбайыр».

Бұл бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларының таңдайын қақтырды.

«Нағыз ертегі әлемі!», «Мынау фантастика! Бізде осындай ғажайып барын бұрын неге білмедім?», «АҚШ-тағы Юта мен Невада шекарасындағы тұзды жазыққа ұқсайды. Бірақ бұл – өз елімізде!» – деп жазды олар пікірлерінде.

Бұған дейін блогер Абай Жанысбаев та Маңғыстау даласының гүлденген сәтін көрсетіп, табиғат әсемдігін паш еткен болатын.

Тұзбайыр – Маңғыстау облысындағы табиғи тұзды шөл, Бекет-Ата мешітінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Жазық жер жазда аппақ тұз қабатымен жабылса, көктем мен күзде жауын-шашыннан соң көлге айналады. Бұл жер уақытша су жиналатын тұзды ойпат – Қазақстандағы ең ерекше ландшафттардың бірі. Туристер мен фотографтар үшін нағыз визуалды жұмақ.

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды