Макрон мен Мерц Ресейге санкциялармен сес көрсетіп, Украинаны қолдауға уәде етті

10.05.2025, 14:35
948
Макрон мен Мерц Ресейге санкциялармен сес көрсетіп, Украинаны қолдауға уәде етті REUTERS / Valentyn Ogirenko

Ал Ресей санкция дегенге міз бақпайды. «Санкцияны айналып өтудің жолын білеміз» деп жауап берді Кремль.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Германияның жаңа канцлері Фридрих Мерц пен Франция президенті Эммануэль Макрон Киевте өткен «қалау білдіргендер коалициясы» саммитінде Ресей бітім талабын орындамаса, жаңа санкциялар салынатынын ескертті.

Канцлер Мерц Ресейге қарсы санкциялар едәуір қатаңдайтынын айтып, Украинаға саяси, қаржылай және әскери тұрғыдан кең көлемде қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Bild басылымына берген сұхбатында ол АҚШ пен Дональд Трамптың жеке өзі бұл бағытты қолдайтынын, сондай-ақ Путинге деген сабыр таусылып бара жатқанын айтты. Мерцтың сөзінше, қазір АҚШ пен Еуропа одақтастары арасында келіспеушіліктен гөрі, таңғаларлық деңгейдегі ынтымақ бар.

Ал Путинмен жеке кездесу өткізу мүмкіндігіне қатысты сұраққа ол нақты жауап бермей, былай деді:

«Егер соғысқа нүкте қоюға көмегі тисе, қажет болса мен көп нәрсеге дайынмын. Бірақ алдымен осы демалыс күндерінен кейін атысты тоқтату мақсатына қол жеткізе аламыз ба – соны бағамдайық», – деді ол.

Макрон да осыған ұқсас ұстаным білдіріп, егер Ресей 30 күндік бітім талаптарын қабылдамаса, бірнеше күн ішінде жаңа санкциялар пакеті енгізілуі мүмкін екенін айтты.

«Алдағы күндері біз жаңа санкциялар енгізуге дайын болуымыз керек», – деді ол LCI телеарнасына берген сұхбатында.

Ал Кремль болса бұл мәлімдемелерге жауап беріп, «Ресей санкцияларға үйреніп қалды және олардың салдарын қалай азайту керегін біледі» деп мәлімдеді.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді