Енді ұсақ берешек үшін кәсіпкердің шоттары бұғатталмайды
Жаңа Салық кодексі кішігірім кәсіп жүргізіп отырған жандарға жеңілдетілген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда дайындалып жатқан жаңа Салық кодексі шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған.
Соның ішінде ең маңызды жаңалықтардың бірі – енді салық бойынша аздаған берешек үшін кәсіпкердің банктік шоттары бұғатталмайды.
Қазір шотқа шектеу қою үшін 1 теңге берешек те жеткілікті болса, енді бұл тәртіп өзгереді. Жаңа құжатқа сай:
- 20 АЕК-ке дейінгі берешек үшін тек ескерту беріледі және өсімпұл салынады – шот жабылмайды;
- 20–45 АЕК аралығында – ескерту мен өсімпұлға қоса, шот уақытша бұғатталады, инкассалық өкіменгізіледі;
- 45 АЕК-тен жоғары берешек кезінде мүлік тәркіленіп, шетелге шығуға шектеу қойылуы мүмкін, тіпті банкроттық рәсімі де қарастырылады.
Бұл өзгерістер бизнестің тынысын тарылтпай, қарызды жабуға мүмкіндік беру үшін енгізіліп отыр.
Материал авторы