1536

Баян Алагөзова алғаш рет кішкентай қыздарын көрсетті (ФОТО)

Қыздарының бейнесі кішкентай жастықтарға салынған.

Баян Алагөзова алғаш рет кішкентай қыздарын көрсетті (ФОТО)
жеке мұрағаттан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер Баян Алагөзова Instagram парақшасында ерекше сыйлықпен бөлісті.

 Ол стористе жас қыздарының бейнесі бар декоративті жастықтарды көрсетті. Қызығы, бұл портреттер жасанды интеллекттің көмегімен жасалған.

Бір жастықта – домбыра ұстаған, ашық реңді, жарқын күлкісі бар қыз бейнеленген. Екіншісінде – қолында алмасы бар, қою бұрымды кішкентай қыз. Екеуі де қазақтың ұлттық киімінде.

«Керемет. Бейнелері кішкентай қыздарымызға қатты ұқсайды. Сары қыз – Алисаны, қараторысы – Алманы еске түсіреді», – деп жазды Алагөзова.

Продюсер мұндай технологиялық сыйлықтар нағыз отбасылық жәдігерге айналып, ерекше әсер сыйлайтынын атап өтті.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор