Токиода қазақтың күйін әуелеткен жапон музыканты жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
10.05.2025, 15:51
907
Токиода қазақтың күйін әуелеткен жапон музыканты жұртты тәнті етті (ВИДЕО) бейнежазбадан

Домбыра үніне ғашық болған Акира қазақтың ұлттық аспабын Жапонияға танытып жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жапон музыкантының Токиодағы көше бойында қазақтың күйлерін домбырамен шебер орындағаны түсірілген видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Tengri Life жазды.

Қазақ даласының сарыны алыстағы Жапония астанасында естілгенде, бейнежазбаның авторы — қазақ жігіті — таңданысын жасыра алмады. Кейін белгілі болғандай, күй орындаған адам — бұрын Алматыда да қазақша күй тартып, көпшілікті таңғалдырған Акира Такегучи.

Видео авторы көшеде кетіп бара жатып, кенеттен таныс әуендерді естіп қалып, бірден камерасын қосқан.

«Қазір көшеде келе жатсам, біртүрлі таныс әуен естіле бастады. Құдды бір түс көріп тұрғандаймын – нағыз қазақ күйі!» – дейді ол таңданысын жасыра алмай.

Күй аяқталғаннан кейін, қазақ жігіті Акирадан домбыраны қалай үйренгенін сұрайды. Музыкант өз әңгімесінде домбырамен алғаш Ыстамбұлда танысқанын айтады — ол жақта бір қазақ жігіті Акираға алғашқы сабақтарды үйреткен. Кейін Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда білім алған Тұрысбек есімді отандасымыз да көмектесіпті. Қалғанын жапон музыканты өз бетінше нота арқылы меңгеріп, шеберлігін күн сайын дамытқан.

Акира Такегучи қазақ жұртына бұрыннан таныс. 2023 жылдың ақпанында ол Алматы Арбатында күй шертіп, отандастарымыздың ыстық ықыласына бөленген. Ол кезде де көпшілікті өзінің домбыраға деген ерекше махаббатымен тәнті еткен еді.

«Бұрын скрипкада түрік музыкасын орындайтынмын. Бірақ домбыраның үні мені баурап алды. Екі-ақ ішек – бірақ ғажап күшке ие. Нұрғиса Тілендиевтің “Аққу” күйін орындап, Жапониядағы музыкалық байқауда жеңімпаз атандым», – деген болатын Акира.

Акира Такегучидің оқиғасы – мәдени алмасудың нағыз үлгісі, ұлттық өнеріміздің шекарадан асып, өзге жұрттың жүрегінен орын тапқанын дәлелдейтін ерекше оқиға.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген