1144

Димаш әйгілі әнші Лара Фабианмен дуэт орындайды

Әлемдік жұлдыздың концертіндегі арнайы қонақ Димаш болмақ.

Димаш әйгілі әнші Лара Фабианмен дуэт орындайды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шоқ жұлдызымыз Димаш Құдайберген бельгиялық әнші Лара Фабианның Voices туры аясындағы концертінде арнайы қонақ ретінде өнер көрсетеді.

Бұл туралы ақпарат OVO Arena Wembley-дің Instagram парақшасында жарияланды. Концерт Лондонда орналасқан әйгілі OVO Arena Wembley сахнасында өтеді.

Көрермендер үшін бұл концерт нағыз музыкалық оқиға болғалы тұр. Шараға билеттер қазірдің өзінде сатылымда.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор