Ауғанстанның Кош-тепе су каналы құрылысы Арал теңізінің экологиялық дағдарысын ушықтыруда

10.06.2025, 18:41
435
Ауғанстанның Кош-тепе су каналы құрылысы Арал теңізінің экологиялық дағдарысын ушықтыруда коллаж Аймуканова Аяжан

Орталық Азиядағы су қауіпсіздігі - бүгінде экологиялық емес, тікелей ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналған өзекті тақырыптардың бірі.

2025 жылдың 15 мамырында Астанада өткен «Су қауіпсіздігі және трансшекаралық су ресурстарын пайдалану» атты халықаралық конференция осы мәселенің маңызын тағы бір рет дәлелдеді.

Конференцияны BAYTAQ экологиялық партиясы ұйымдастырып, аймақтағы ғалымдар, саясаткерлер мен сарапшылар су тапшылығы, климаттың өзгеруі және трансшекаралық ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір алмасты.

Азаматхан Әміртаев – BAYTAQ экологиялық партиясының төрағасы. Ол су ресурстары мен экологиялық қауіпсіздік тақырыптарын үнемі көтеріп, өңірлік және халықаралық деңгейде ынтымақтастық орнату жолында белсенді жұмыс істеп келеді. Оның бастамасымен Қазақстанда көптеген жасыл жобалар іске асырылуда.

«Су ресурстарын басқару және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша Орталық Азия сараптамалық платформасының аймақтық үйлестірушісі. Ол - экожүйелік тәсілдің жақтаушысы. Су - бұл жай ғана ресурс емес, тіршіліктің күретамыры» - дейді Булат Есекин.  

Осы тақырыпта көтерілген мәселелерге байланысты журналистер қойған бірқатар сұрақтарға спикерлер өз жауаптарын берді:

– Әміртаев мырза, конференцияның мақсаты қандай болды?

Азаматхан Әміртаев: Қазіргі таңда су мәселесі – болашақтағы ең қауіпті дағдарыстардың бірі болуы мүмкін. БАҚ-та да жиі жазылып жүр – келешекте соғыстар жер үшін емес, су үшін болады дейді. Біз осындай қауіптердің алдын алу үшін бүгіннен бастап нақты әрекеттерге көшуіміз керек. Конференцияның мақсаты – осы мәселелерді ашық талқылап, аймақтық шешімдер табу. Су – тек Қазақстанның емес, бүкіл Орталық Азия елдерінің ортақ мәселесі. Сондықтан біз келіссөздер арқылы ортақ келісімге келуге тиіспіз.

– Есекин мырза, қазіргі таңда су қауіпсіздігіне қандай қатерлер төніп тұр?

Булат Есекин: Бүгінде ең үлкен қауіп – судың табиғи циклінің бұзылуы. Біз суды тек тұтыну көзі ретінде қараймыз да, оның қайдан, қалай келетінін ұмытып кетеміз. Жаңбыр азайды, мұздықтар тез еруде, топырақ суды ұстай алмай жатыр. Яғни, табиғи цикл үзілді. Бұл – климаттық апаттарға, қуаңшылыққа, ауыл шаруашылығы өнімінің азаюына, тіпті әлеуметтік шиеленістерге апарады. Егер топырақ суды ұстамаса – ол жазда кебеді, егін шықпайды. Бұл – аштық, жұмыссыздық, көші-қон. Біз өз қолымызбен табиғатты бұзып жатырмыз.

– Аймақтағы елдер арасындағы трансшекаралық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі қандай?

Булат Есекин: Біздің трансшекаралық келісімдеріміз қағаз жүзінде бар, бірақ шынайы ынтымақтастық жоқ. Әр ел өз бетінше шешім қабылдайды. Бір қарағанда бәрі келісіп жатқандай көрінеді, бірақ шын мәнінде әрқайсысы өз заңымен жүреді. Бұл – судың әділетсіз бөлінуіне, келіспеушіліктерге алып келеді. Мысалы, бір ел артық су алып қойса, екіншісіне жетпей қалады. Бұл тек экология ғана емес, саясат, экономика және адам тағдыры мәселесі.

– Кош-Тепе каналы жобасы туралы не айтасыздар?

Азаматхан Әміртаев: Ауғанстанда салынып жатқан бұл канал Әмударияның 30%-ға дейінгі суын өзіне бағыттауы мүмкін. Бұл – Өзбекстан мен Түрікменстан үшін үлкен қауіп, ал ол елдер Сырдарияны көбірек пайдалануға көшеді. Ал бұл – Қазақстан үшін өте маңызды ресурс. Осы арқылы бізге келетін су 30–40%-ға дейін азаюы мүмкін. Біз бұл жобаны сынау үшін емес, өзара түсіністік орнату үшін сарапшылармен бірге жиналдық. Технологиялық көмек, ғылыми кеңестер және қаржылық қолдауға дайынбыз. Бұл – аймақтық ынтымақтастықтың үлгісі болуы тиіс.

– Қандай шешімдер ұсынылып жатыр?

Булат Есекин: Біз тек «көк суды» емес, судың көздерін – орман, топырақ, экожүйелерді қалпына келтіруіміз керек. Бүгінде судың 80%-ы ауыл шаруашылығына жұмсалады, ал өндірілген өнімнің 40%-ы ысырап болады. Бұл – бос шығын. Сондықтан біз су ресурстарын кешенді басқару, ғылым мен инновацияны біріктіру арқылы шешім таба аламыз. Экологиялық кодекстің қабылдануы – үлкен жетістік. Бірақ оны іске асыру маңызды. Сондай-ақ агросекторда жаңа технологияларды енгізу – басты жолдардың бірі.

– Арал теңізінің жағдайы туралы не айтасыздар?

Аслан Абдраимов: Қазір ең басты мақсат – Аралды сақтап қалу. Су азайса, Арал қайтадан құрғап кетуі мүмкін. Сырдария ағысының төмендеуі бұл жағдайға тікелей әсер етеді. Біз стратегиялық жоспарлау және әр литр суды тиімді пайдалану арқылы ғана бұл дағдарысты еңсере аламыз.

Айта кетсек, Ауғанстанда салынып жатқан Кош-Тепе су каналы Арал теңізіне тікелей қауіп төндіреді. Бұл канал Әмудария өзенінің суын жоғарғы ағыста ірі көлемде алып қоюы мүмкін. Әмудария – Арал теңізіне құятын екі негізгі өзеннің бірі. Егер Әмудариядағы су көлемі төмендесе, бұл Өзбекстан мен Түрікменстанға түсетін су мөлшерін азайтады. Сол себепті олар Сырдариядан көптеп су алуға тырысады. Ал Сырдария – Қазақстанның Аралға баратын жалғыз үміті. Егер екі өзен де таусылса, Аралдың соңғы қалған суы толықтай жоғалады. Бұл – тек экологиялық емес, әлеуметтік және экономикалық апат. Сондықтан Кош-Тепе каналы – бүкіл Орталық Азия үшін стратегиялық қауіп төндіретін нысан. Оны халықаралық бақылауда ұстап, бірлескен шешімдер қабылдау қажет.

Су мәселесі – тек экологиялық емес, әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселе. Бұл – әр мемлекеттің жауапкершілігі. Булат Есекин айтқандай, судың табиғи циклі бұзылғанда, бүкіл тіршілік жүйесі теңселеді. Сондықтан аймақтық деңгейде нақты жұмыстар атқарылып, суға қатысты саясаттар жаңартылуы қажет. Бұл конференция – сол жолдағы алғашқы әрі маңызды қадам болды.

 

Автор - АЯЖАН Аймуканова

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады