Жындыханадағы кәмелетке толмаған қыздарды зорлаған екі еркек сотталды

11.06.2025, 14:14
866
Жындыханадағы кәмелетке толмаған қыздарды зорлаған екі еркек сотталды Матвей Фляжников / novayagazeta.ru

Бірінің 6 баласы бар боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, психикалық денсаулық орталығының екі қызметкері кәмелетке толмаған пациентті зорлағаны үшін 15 жылға сотталды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығының екі санитар-бақылаушысына үкім шығарды. Олар Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы ("Кәмелетке толмаған адамды зорлау") бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

Сот мәліметі бойынша, айыпталушылар – 33 жастағы Даржанов және 43 жастағы Дүйсебаев – облыстық орталықтың №3 әйелдер бөлімшесінде жұмыс істеген. Тергеу материалдарында көрсетілгендей, олар 2024 жылдың шілде айында бөлімшеде ем алып жатқан 17 жастағы психикалық ауруға шалдыққан қызды бірнеше рет жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Оқиғадан кейін жәбірленуші жүкті болып, медициналық көрсеткіштер бойынша аборт жасалған.

Сот процесінде жәбірленушінің ауруханадағы емделу кезеңі мен жүктілік мерзімі сәйкес келетіні анықталды. Қосымша сараптамалар мен дәлелдер негізінде сот айыпты деп таныды.

Жәбірленушілердің бірі – кәмелетке толмаған Қ., екіншісі – 21 жастағы емделуші. Екеуі де психикалық дертке байланысты ем қабылдап жатқан. Сотталушылар кінәларын мойындаған жоқ. Алайда сот жинақталған дәлелдер мен сараптамаларға сүйене отырып, қылмыс құрамы толық дәлелденген деп шешім шығарды.

Сот үкімімен санитар Даржанов пен Дүйсебаев әрқайсысы 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру жазасы қолданылды. Сондай-ақ жәбірленушілердің пайдасына әрқайсысына 10 млн теңгеден моральдық өтемақы өндірілді. Қосымша 600 мың теңге адвокаттық шығындар өтелетін болды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды