«Қасақана дәретханаға лақтырып, өлтірген»: Түркістанда 3 жасар баланы өлтірген жасөспірім жазаланды

11.06.2025, 14:48
894
«Қасақана дәретханаға лақтырып, өлтірген»: Түркістанда 3 жасар баланы өлтірген жасөспірім жазаланды famt.ru

Көрші қыз баланы 15 жасар жасөспірім айуандықпен өлтірген еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысы Сіргелі ауылында көрші балаларды әжетхана шұңқырына лақтырып, біреуінің өліміне себеп болған 15 жастағы жасөспірімге қатысты сот шешімі шықты. Сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мамандандырылған психиатриялық ауруханада мәжбүрлі ем қабылдау шарасын белгіледі.

Іс материалдарына сәйкес, 2008 жылы туған қыз бала 2024 жылдың 16 мамырында 3 жасар көршісін қасақана дәретханаға лақтырып, өлтірген. Ал шілде айында тағы бір 5 жасар қызды дәл осылай өлтірмек болған, бірақ сәтсіз аяқталған.

Сот сараптамасы жасөспірімнің “шизофрения белгілерімен жүретін жіті психоз” диагнозына шалдыққанын растады. Оқиға кезінде ол өз әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайда болған.

Қылмыстық кодекстің 16-бабына сәйкес, психикалық аурумен қоғамға қауіпті әрекет жасаған адам жазаланбайды. Сондықтан сот интенсивті бақылау жағдайындағы мәжбүрлі ем тағайындау жөнінде шешім шығарды. Қаулы заңды күшіне енді.

Айта кетейік, 2024 жылы мамырда Сіргелі ауылында 3 жасар қыз жоғалып кетіп, үш күннен кейін көрші үйдің дәретханасынан өлі табылған болатын. Көп ұзамай тағы бір бүлдіршін дәл сондай жағдайда құтқарылып, тергеу қайта жанданған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды