Ақмолада пойыз астына түскен көпбалалы ана соңғы хат қалдырған

Азиз Қалижан Редактор
11.06.2025, 13:31
7765
Ақмолада пойыз астына түскен көпбалалы ана соңғы хат қалдырған көрнекі сурет / pikabu.ru

Пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында көпбалалы ана пойыз астына түсіп қайтыс болды. Қайғылы оқиға 10 маусымға қараған түні Аршалы ауданына қарасты Анар станциясында болған.

Облыстық көлік полициясы бұл фактіні растады. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы, 2-бөлігі — «Теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр, басқа деректер жарияланбайды.

Әлеуметтік желіде тараған бейресми ақпаратқа қарағанда, 62 жастағы әйел өз-өзіне қол салған. Туыстарына «Іздемеңдер, кетіп қалдым» деп хат жазып қалдырғаны айтылады. Ауылдастары оның мұндай қадамға баруын денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы күресіп келе жатқан ауыр дертпен байланыстырады.

— Жағдайы жақсы, отбасы түгел еді. Бірақ қатты науқас болды, амал таппаған сияқты, — дейді марқұмды танитын ауыл тұрғындарының бірі.

Пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылып, станцияда оқиға орны қоршауға алынған. Тергеу амалдары жалғасуда.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады