1742

LRT ақшасын жымқырды деген күдікті Талғат Ардан әлі Түркияда екені белгілі болды

Бас прокуратура экстрадиция уақыты белгісіз екенін айтты.

LRT ақшасын жымқырды деген күдікті Талғат Ардан әлі Түркияда екені белгілі болды
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, LRT ісі бойынша күдікті Талғат Ардан әлі Түркияда қамауда отыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді.

— Ардан Түркияда ұсталды, қазір сол жақта қамақта. Қазақстанға әлі экстрадицияланған жоқ. Қажетті құжаттарды түрік тарапына жібердік. Бірақ қай уақытта қайтарылады — белгісіз. Өйткені бұл мәселе Түркия заңнамасы бойынша қаралады. Біз олардан үдерісті жеделдетуді талап ете алмаймыз, — деді Шындалиев.

Еске салайық, Талғат Ардан LRT құрылысы жобасына байланысты 85,9 млрд теңге көлемінде мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген күдікке ілінген. Ол біраз жыл бойы халықаралық іздеуде болды және жуырда Түркияда қолға түскені хабарланған.

Материал авторы