«Баламды кім ұрған?»: Ер адам мектепке баса-көктеп кіріп, оқушыларды ұрған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
11.06.2025, 18:16
799
«Баламды кім ұрған?»: Ер адам мектепке баса-көктеп кіріп, оқушыларды ұрған (ВИДЕО) бейнежазбадан

Бәрі сынып жетекшісінің көз алдында болғанымен, мұғалім ешқандай әрекет етпеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Өзбекстанның Бұхара қаласындағы мектепте болған жан түршігерлік оқиға түсірілген видео тарады. Онда ересек ер адамның бастауыш сынып оқушыларын көз алдында ұрып жатқан сәті бейнеленген. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс туғызды.

Оқиға 30 сәуір күні №34 мектептің 4-Б сыныбында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, көшеде балалардың арасында жанжал болып, бір оқушы досының әкесіне хабарласқан. Ер адам мектепке келіп, баласына қол көтергендерді іздеп, сыныпқа кіріп барған.

Видеодан көргендей, ол балаларды бір-бірлеп шақырып, жұдырық ала жөнеледі. Ең сорақысы — мұның бәрі сынып жетекшісінің көз алдында болғанымен, мұғалім ешқандай әрекет етпеген.

Мектеп әкімшілігі полиция шақырған. Ер адамға 1,8 миллион сум (шамамен 65 мың теңге) көлемінде айыппұл салынған. Бірақ бұл жаза әлеуметтік желі қолданушылары мен ата-аналардың ашуын туғызды — олар мұндай озбырлық үшін тым жеңіл жаза деп санайды.

Оқиғадан кейін мектеп күзетшісі жұмыстан қуылды. Сонымен қатар, білім ордасының директоры да қызметінен босатылды. Қазір сынып жетекшісі мен мектеп басшылығының басқа да мүшелеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

"Әрбір бала мектепте өзін қауіпсіз сезінуі тиіс. Бұл үшін тек әкімшілік емес, әр педагог жауапты", — деп мәлімдеді Бұхара облыстық білім басқармасы.

Тексеру нәтижесіне қарай қосымша шаралар қабылдануы мүмкін. Оған қатысты ақпарат кейінірек жарияланады.

Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады