Сарбаздарды сапасыз тамақтандырған 4 мекемені Қорғаныс министрлігі сотқа берген

25.03.2023, 14:21
572
Сарбаздарды сапасыз тамақтандырған 4 мекемені Қорғаныс министрлігі сотқа берген Smartnews.kz

Былтыр әскерилерге тамақ жеткізетін 4 ұйым 11 млн теңге айыппұл төлеген. Қорғаныс министрлігі БАҚ-та тараған сыни мақалаға түсініктемесінде осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты

Министрлік мамандары әскерилерге тамақтандыру қызметін көрсететін мекемелердің жұмысы жіті қадағаланып отыратынын айтып отыр.

«Қазіргі таңда ҚР Қорғаныс министрлігінің ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерінің мамандары тамақтануды ұйымдастыруды бақылау саласындағы уәкілетті орган болып отыр. Осы орган өкілдері былтыр 300-ден астам тексеру жүргізіп, тамақтануды ұйымдастырушы 4 мекеменің үстінен сотқа талап арыз берді. Сот шешімдері бойынша мемлекет кірісіне 11 млн теңгеден астам соманың айыппұлы өндірілді.

Шарттық міндеттемелерді жосықсыз орындау фактілері, әскери қызметшілер мен олардың аналары тарапынан шағымдар анықталған жағдайда Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары тиісті шараларды уақтылы қабылдайды және талап-арыз жұмыстарын жүргізеді. Жеткізушілер тарапынан бұзушылықтың бірде-бір фактісі назардан тыс қалмайды. Тамақ сапасын бақылау жұмыстары жүргізілмейтіні туралы мәлімет шындыққа сәйкеспейді», - деп жазылған ресми хабарламада.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, тамақтандыру ұйымдастыру мекемелерімен келісімшарт үш жыл мерзіміне жасалады.

«Бұл жеке құрамның тамақтануын ұйымдастырып, тамақтану объектілерін күтіп-ұстауға қаржы салуға, кәсіби аспаздарды тарту жұмыстарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік береді. Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша үш жылдық шарттар жасасу практикасы Қазақстан Республикасында ғана енігізілген жаңалық емес. Басқа да әскери құралымдарда кеңінен қолданылады», - делінген министрлік түсіндірмесінде.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды