1394

Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

Күдіктілер қолға түсті.

Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
Shutterstock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында 11-сынып оқушысы өлтірілді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. 2 күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Алдын-ала ақпарат бойынша олар марқұмның қатарластары болған. Күдіктілердің мас күйде болғаны айтылды.

Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасына бала тәрбиелеу міндетін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелген. Білім басқармасына да тиісті ұсыныс жолданған.

Қазір тергеу органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр.

Материал авторы