1320

«Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО)

Әйел тұсауын кескен соң толқығаннан жылап жіберді.

«Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаәлеуметтік желіде Дубайда түсірілген бейнежазба қызу талқыға түсті. Онда дәстүрлі тұсаукесер салты бұл жолы балаға емес, ересек әйелге жасалған.

Кадрда ақ көйлек киген әйелдің жайылған ақ мата үстінде тұрғаны көрінеді. Аяғына байланған арқан кесілген соң, оны екі адам қолтықтап жүргізеді. Әйел ерекше әсерге бөленіп, көзіне жас алған.

Желідегі қолданушылардың бірі олардың әрекетін күлкі қылса, бірі жақтап жатыр.

«Не шектіңдер екен?», «Енді Мальдивке апарып, бесікке салыңдар», «Бұл жолы ашылсын деп жасалған рәсім ғой, онда тұрған ештеңе жоқ», «Ақша, домбыра, кітап қоймадыңдар ма? Қайсысын таңдайды екен», «Естерінен адасайын депті», «Жақсылыққа бастар жол деп жасаған ырымдары шығар. Күлкілі ештеңе көріп тұрған жоқпын»,  - дейді қолданушылар.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор