«Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты

23.05.2025, 16:25
1750
«Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты бейнежазбадан

Салтанат Нүкенованың сотында сот-медициналық сараптама жасап танылған маман Шерзаттың отбасы шақыруымен сотқа қатысып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мединицалық сот-сараптамасын жасаған тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров Шерзаттың өмірін сақтап қалу мүмкін болғанын айтты.

Сарапшының айтуынша, егер алғашқы көмек дер кезінде көрсетілсе, жағдай басқаша болар еді.

Тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты жүргізілген сараптама қорытындысына өз пікірін білдірді.

Сот процесі кезінде жәбірленуші тараптың адвокаттары сарапшыға: «Қандай жағдайда Шерзат тірі қалуы мүмкін еді?» деген сұрақ қойды.

Халимназаровтың сөзінше, әр адамның ағзасы қан жоғалтуға әртүрлі төтеп береді. Бірақ Шерзаттың жағдайында көкірек қуысында 1,5 литр қан жиналғаны анықталған – бұл аса көп көлем.

«Орта есеппен 500-600 мл-ден кейін адамның жағдайы ауырлай бастайды. Ал бұл жерде ander 1,5 литр қан жоғалту фактісі бар. Егер қан көлемі 1 литрге жетпей тұрғанда медициналық көмек көрсетілсе, оның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болушы еді. Бұл – тәжірибеде дәлелденген жайт», – деді сарапшы.

Айта кетейік, Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы тікелей эфирде өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, былтыр 9 сәуір күні, белгілі қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде шыққан сарапшы Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың жарақаттарына қатысты кәсіби пікір білдірген болатын.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды