Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды

Аиса Махамбет Редактор
24.05.2025, 14:48
814
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені

Тұрғын 30 мамырда митинг өткізуге шақырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаҚарағанды тұрғыны рұқсатсыз митингке үгіт жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот дерегінше, азамат Ж. 2025 жылдың 21 мамыры күні сағат 16:50 шамасында WhatsApp мессенджері арқылы 30 мамырға жоспарланған санкцияланбаған митинг туралы ақпарат таратып, жұртты оған қатысуға ашық шақырған. Белгіленген тәртіпке сай, бұл митингке жергілікті атқарушы органнан ресми рұқсат алынбаған.

Аталған іс-шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған болатын. Алайда үгіт-насихат заңда белгіленген мерзімнен тыс жүргізілген және ресми келісімсіз жүзеге асқан.

Сот азамат Ж.-ны ҚР ӘҚБтК 488-бабының 7-бөлігі бойынша ("Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу") кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Сот шешімінде Ж.-ның бұрын да осыған ұқсас құқықбұзушылық жасағаны атап өтілген.

Құзырлы орган бейбіт жиналыс өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында нақты реттелгенін ескертіп, белгіленген тәртіпті бұзу әкімшілік немесе, кейбір жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды