«Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды

Аиса Махамбет Редактор
23.05.2025, 18:14
1601
«Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды жеке мұрағаттан

Қылмыскерлер неге бостандықта жүр деп ашынды ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Алматыда қаза тапқан Ақнәр Қамиттің өліміне қатысты әділдік талап етті. 

Өнер иесі 10 айға созылған істің соңы аяқсыз қала ма деген қорқынышы барын жасырмады. 

“Ақнәрдің ғұмырының қасақана қорланып қиылғанын, Ақнәрді азаптау іс-әрекеттері камераға түскен ап-анық итеріп құлатқан жазбасы, қаншама көзге ұрып тұрған дәлелдердің жеткілікті болып тұрғанын көре тұра, істің неге 10 айға созылып, қылмыстылардың бостандықта жүргенін санамыз қорытпайды. Қандай қоғам мынау? Әділет қайда? Мәпелеп баққан, мәдениетті бір туар балалар осылай бассыз кеткен қатігездердің қолынан өле берсе болашақтан не хайыр?! Құрметті сот орындаушылар, заң тарапы сіздерден әділдік талап етеміз! Бұл 22 жастағы Ақнәрдің ғана емес, бүкіл елдің тағдыры! Ақнәр үшін әділдік!", – деп жазды ол.

Айта кетейік, Алматыда терезеден құлап қаза тапқан 22 жастағы қыздың анасы Тоқаевқа үндеу жасаған еді. Ол Алматыдағы тергеуге сенімсіздік танытты.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізден өтінемін, қылмыстық істі Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" және 126-бабы "Заңсыз бас бостандығынан айыру" баптары бойынша қайта саралау туралы ұйғарым беруіңізді сұраймын. Алматы қаласының тергеу органдарына сенімсіздік білдіруімізге байланысты істі арнайы тергеу тобының бақылауына алуды, қызымның өліміне күдіктілерді қамауға алуды, әділ тергеуді қамтамасыз етіңіз", – дейді марқұм қыздың анасы. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады