Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды

24.05.2025, 10:10
966
Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды dimashnews.com

Димаш Құдайберген мен Хосе Каррерас Virtuosos шоуының халықаралық қазылар алқасында.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 23 мамырда әлемдік классикалық музыка әлемінің жас дарындарын танытатын Virtuosos шоуының 10-маусымындағы мерейтойлық екінші халықаралық жартылай финал өтеді. Бұл кезеңде Венгрия, Австрия, Черногория және Словениядан келген он талантты жас сахнада өнер көрсетеді. Олардың өнерін халықаралық қазылар алқасы бағалайды. Бұл туралы Dimashnews.com жазды.

Қазылар құрамында аты аңызға айналған опера теноры Хосе Каррерас пен әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бар. Димаш бұған дейін де жобада қазылық еткен болса, Каррерас алғаш рет қатысып отыр.

Опера жұлдызының сахнаға Concerto Budapest оркестрімен бірге эксклюзивті нөмір орындауы мен Димаштың қайта қазылар қатарына қосылуы – көрермендер тарапынан ерекше қызығушылық тудырды.

«Кез келген музыканттың мақсаты – тыңдарманға шынайы эмоция сыйлау. Музыка арқылы әсер ету – бұл өнердің ең керемет тұсы», – деді Хосе Каррерас жас таланттарды бағалаудағы кәсіби көзқарасымен бөлісіп.

Екінші жартылай финалда өнерпаздарды Димаш Құдайберген, Хосе Каррерас, Альберт Каррерас, Ван Эно, кіші Пласидо Доминго, Иштван Вардай, кіші Иштван Кохан, Андраш Келлер және Чаба Каэл бағалайды.

Венгрия атынан екі жас пианист – Ноа Хендрикс пен Мэте Палади өнер көрсетеді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады