Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды

24.05.2025, 10:50
123
Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды AP Photo/ Pool

Ол Еуропаға қарсы жаңа кедендік тарифтер енгізетінін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Еуроодақты «қиын әріптес» деп атап, Еуропадан келетін тауарларға 1 маусымнан бастап 50 пайыздық жаңа баж салығын енгізуді ұсынды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, ЕО-мен жүргізіліп жатқан сауда келіссөздері «еш нәтиже бермей отыр».

Трамп Еуроодақтың АҚШ-пен саудада кедергілер жасап отырғанын алға тартты. Оның сөзінше, ЕО енгізген тарифтер, қосымша құн салығы, сот істері мен басқа да тосқауылдар АҚШ-тың сауда балансында жыл сайын 250 миллиард доллар дефицит тудырып отыр.

Билікке келген сәттен бастап Трамп «Американы қайтадан ұлы елге айналдыруға» уәде берді. Соның ішінде экономикалық қуатты күшейтуге басымдық беріп отыр. 2 сәуірде ол 185 елден келетін импортқа қатысты жаңа жоғары кедендік жүйе енгізді. Бұл жүйені жұмсартуға бағытталған келіссөздерді бірнеше ел, соның ішінде Еуроодақ та бастап кеткен. Алайда Вашингтон ЕО-дағы «ұжымдық әрекетсіздік» бұл процесті тежеп отырғанын айтады.

Сонымен қатар Трамп Apple компаниясына АҚШ-та iPhone өндірісін іске қосуды талап етті. Әйтпесе, 25 пайыздық салық салынатынын ескертті. Қазіргі уақытта Apple-дің негізгі зауыттары Қытайда, Үндістан мен Вьетнамда орналасқан.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды