«19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады

24.05.2025, 11:33
1269
«19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады City Transportation Systems

Пойыздар елордаға келесі айда келеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қытайдың Таншань қаласынан Астанаға арналған алғашқы екі LRT пойызы жөнелтілді. Жаңадан шығарылған вагондар елордаға 2025 жылдың маусым айында жеткізіледі.

Жөнелту рәсіміне Қазақстан тарапынан "City Transportation Systems" ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев, ал Қытай тарапынан жылжымалы құрам өндіруші CRRC Tangshan Co., Ltd зауытының басқарма төрағасы Чжоу Цюннянь мен бас мердігер CRAEC компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэй қатысты.

Барлығы 19 пойыз шығарылмақ. Заманауи, жүргізушісіз жүретін, төрт вагоннан тұратын бұл құрамдар автоматты басқарудың төртінші деңгейімен жабдықталған және әрқайсысы 650 жолаушыға дейін тасымалдай алады.

Фото: City Transportation Systems

LRT пойыздары 1881 жылы құрылған, Қытайдың теміржол саласындағы ең ірі әрі көне зауыттарының бірі — CRRC Tangshan кәсіпорнында жасалуда. Алғашқы екі пойыз Астанаға 2025 жылдың маусымында жетсе, қалған 17 құрамды осы жылдың соңына дейін жеткізу жоспарланған. Желі сынақтан қыркүйек айында өткізіле бастайды.

Қазіргі таңда Астанадағы LRT жобасының негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қалада жол төсеу, станция қасбеттерін монтаждау, эстакадаларды сырлау, сыртқы инженерлік жүйелерді қосу, эстакада астын абаттандыру және депо құрылысы жүріп жатыр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады