SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сәтпаевта подъезде қызға тап берген күдікті не себепті шабуыл жасағанын түсіндіріп, істеген ісіне өкінетінін айтты.
Күдіктінің айтуынша, ол үйге келе жатып қызды көріп қалған, артынан ілесе кеткен.
Бейнежазбада ол: "Мен оны сәл буындырып едім... Өкінемін", – дейді.
Оны ізін суытпай ұстаған және уақытша ұстау изоляторына қамаған. Полицияның хабарлауынша, беттестіру тергеу амалдары жүргізілген, және ол өз кінәсін мойындап отыр.
“Сол күні мен ішімдік ішкен едім. Несиені төлеуге ақшам жетпеді. Мен көшеде келе жатып, бір ғимаратқа кіріп келе жатқан қызды байқадым да, оның соңынан ердім. Мен оны тұншықтырып, сосын баспалдақпен сүйреп түсірдім. Қызды танымаймын. Мен істегеніме өкінемін”, – дейді ер адам видеода.
Полиция күдіктінің ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
“Күдікті мен жәбірленуші беттестірілді. Ол өз кінәсін мойындады. Зорлауға оқталу және зорлау баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.”, – деді полициядағылар.