Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті

Аиса Махамбет Редактор
24.05.2025, 16:16
1061
Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Shutterstock

Әкімшіні өлтіріп, қонақүйді өртеп кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылғы 24 мамыр түні Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінде өрт шықты. Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, оқиға орнынан 12 пышақ жарақатын алған әкімшінің денесі табылған.

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мұны растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының айтуынша, ізін суытпай 23 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынған.

"Талдықорғандағы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деп мәлімдеді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) өртке қатысты қосымша мәлімет ұсынды.

Белгілі болғандай, өрт 04:14 кезінде қонақүйдің бірінші қабатында тіркелген.

"От ресепшн аумағында тұтанып, 20 шаршы метр жерді шарпыды. Өрт 04:29-да толық сөндірілді. Құтқарушылар 35 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады", - деп хабарлады Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді