Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген

Азиз Қалижан Редактор
24.05.2025, 15:35
1503
Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген әлеуметтік желіден

Әйел азаматтық күйеуінің қолынан қаза тапты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Дағыстанда 47 жастағы танымал әнші Талисман Омарова азаматтық күйеуінің қолынан қаза тапты. Ол республикада авар тілінде ән айтатын белгілі орындаушы ретінде кең танымал болған. Ерлі-зайыпты секілді бірге тұратын жұп Каспийск қаласындағы Кавказ көшесінде пәтер жалдап тұрған. 20 мамыр күні олар спирттік ішімдік ішкен.

Дағыстанның құқық қорғау органдарының мәліметінше, сол күні екеуінің арасында жанжал шығып, мас күйдегі 34 жастағы азаматтық күйеуі алдымен Омарованы шыны бөтелкемен ұрып, кейін табамен соққы жасаған. Әйел оқиға орнында қаза тапқан.

Дағыстандағы Тергеу комитеті бұл факті бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғап, күдіктіні қамауға алуға өтініш білдірді.

«Тергеу болжамынша, 20 мамыр күні шамамен сағат 21:00-де Магомеджанов көшесіндегі пәтерде ішімдік ішіп отырған сәтте олардың арасында жанжал туындаған. Ер адам тұрмыстық заттармен әйелге бірнеше рет соққы жасап, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта азаматтық күйеуі ұсталып, сот шешімімен 2025 жылғы 21 шілдеге дейін екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Дағыстандағы жалпы юрисдикция соттарының бірыңғай баспасөз қызметі хабарлады.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды