«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты

Аиса Махамбет Редактор
23.05.2025, 18:50
403
«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты жеке мұрағатынан

Қайрат салған балабақша мен мектептер әлі де жұмыс істеп тұр дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы эфирде марқұм жолдасын есіне алды. 

"КешREC" бағдарламасында марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаев пен балалары жайлы естеліктерін бөлісті. 

"Қайраттың кезінде өзі салған балабақша мен мектептер әлі де жұмыс істеп тұр. Ол жердің қызметкерлері әлі күнге дейін алғысын білдіріп жатады. Сол жандардан балаларым да бата алса екен деймін. Ұлдарым әкесінің жолын қуып, елге сыйлы азамат болса екен. Қазір Қайраттың артында қалған 4 ұл мен 1 қызы бар. Ол енді балаларымның қызығын көремін дегенде өмірден өтті. Кейде балаларының бойынан, әсіресе кенже ұлымнан, әкесіне ұқсастықтарды байқаймын", – деді Сұлтанқызы.

Сондай-ақ, тележүргізуші балалардың да әкелерін сағынып жүргенін жасырмады. Өзі де жолдасы туралы айтуды доғарған. 

"Жақында кенже ұлыммен бір жағдай болды. Бір күні кешке бөлмесіне кірсем, менен бұрылып, тығыла берді. Сұрақтарыма дұрыс жауап бермей, өзін алдаусыратқандай болды. Көзі жасқа толып тұр. Сөйтсем, әкесінің фото-видеоларын көріп, сағынған екен. Бұрын мұндай сезімін білдірмейтін. Одан кейін өзім де жаңа жылдан кейін Қайрат туралы көп айтпауға уәде берген едім. Өйткені менен де қиын жағдайда жүрген жандар көп. Мен жалғыз жесір емеспін ғой. Елдің көңіліне қарап, оларды сыйлағандықтан көп айтқым келмейді. Бірақ бір ғана нәрсе айтам, ер азамат болса, Қайраттай болсын!", – деді журналист. 

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады